Павлодарлық оқушы Австралиядан қола медаль жеңіп алды

Dalanews 16 мая 2019 08:42 774

Қазақстан құрама командасы құрамында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дияр Түленов Австралияда физикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-шы Азия олимпиадасына Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінің физиктері қатысқан.


- Олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің құрама команда мүшелері үш қола медальді жеңіп алды, - дейді баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова.

- Бүгінгі таңда Диярда үш университеттің гранты бар. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл - Ресейдің жоғары экономика мектебі, Назарбаев Университеті және Қазақ-Британ университеті.

Оған қоса, 2018 жылдың желтоқсанында Дияр еліміздегі ең мықты сегіз физиктің қатарына енген болатын. 7 сыныптан бастап физика пәнінен Назымгүл Кәрімова дайындап келеді.

Айта кетерлігі, физикадан Азия олимпиадасы — Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында жыл сайын өтетін бірегей зияткерлік жарыс.



 


Рекомендовать
Последние новости