Павлодарлық кәсіпкер түрмеде жатқан алаяққа 50 млн теңгеге алданып қалды

Қаракөз Амантай 06 сент. 2024 17:56 3746

Шығыс Қазақстанда түрмеде жатқан алаяқ павлодарлық кәсіпкерді алдаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Шығыс Қазақстандағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген айыпты павлодарлық кәсіпкердің 50 млн теңгесін алдап алып алған.
"Ол ұялы телефон арқылы облыс әкімінің орынбасарының атын жамылып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсетемін деп өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған. Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар береміз деп алдап, кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ол сот үкімімен бұрынғы жазасының үстіне қосып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Антикордың айтуынша, түрлі апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсетеміз деп алдап кететін алаяқтар көбейген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды қырағылыққа және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Рекомендовать
Последние новости