Павлодарда орманды саудалаған экс-директор 12 жылға сотталды

Қаракөз Амантай 25 апр. 2025 15:05 671

Павлодарда "Ертіс орманы" резерватының экс-директоры мен үш қызметкері сот үкімімен қатаң жазаға тартылды. Олар орман ағашын заңсыз кесіп, отын ретінде сатқан. Бұл әрекеттері үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құру, пара алу және мемлекет мүлкін ұрлау баптары бойынша айыпталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, 2022-2023 жылдар аралығында айыпталушылар орман ағаштарын рұқсатсыз кесіп, оны сату арқылы пайда тапқан. Олар бұл әрекетті "отын және өндірістік мақсатта қолданамыз" деген желеумен жасырып отырған.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 153 миллион теңгеден асқан.

Соттың шешімімен қорықтың бұрынғы директоры 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үш қызметкер де түрлі мерзімге сотталды.

 


Рекомендовать
Последние новости