Павлодарда оқушы мұғалімді қылқындырып тастады

Dalanews 19 окт. 2025 12:56

Павлодардағы мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы өзіне ескерту жасаған мұғалімге қол көтерді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Telegram-арналарда тараған мәліметке бойынша, келеңсіз оқиға мектептегі күзгі балы кешінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 9 сыныпта оқитын жасөспірім мұғалімнің мойнынан қысып, біраз уақыт жібермей қойған. Оқушының әрекетінен қорыққан педагог артынша полицияға шағымданған.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріпті. Ведомство мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілген. Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс материалдары жасалып, сотқа жолданды. Сондай-ақ оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болды.

Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова да аталған келеңсіз оқиғадан хабардар екенін айтты.


Рекомендовать
Последние новости