Павлодарда Antikor Ortalygy ашылды

Dalanews 19 дек. 2019 12:18 856

Павлодарда ашылған сервис-орталық облыс тұрғындарына жедел әрі нақты жауап беруге мүмкіндік береді. Фронт-офис пен Оpen space форматында жұмыс істейтін орталықта азаматтарға барлық мүмкіндік жасалған.

Арнайы кабинеттерде мамандар шағым айтып келген азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, «Ертіс – адалдық алаңы»  фронт-офисі де осы жерде орналасқан. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне кезіккен бизнесмендермен де жұмыс жолға қойылатын болады. Мұндай фактілермен кезіккен жағдайда, шұғыл әрекет етеміз дейді коррупцияға қарсы қызмет өкілдері.

Сервис-орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Болат Бақауов қатысты. Аймақ басшысы бұл жерде шоғырланған қызмет түрлері болашақта мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынастың дамуына септігін тигізетініне сенімді.

– Елбасымыздың тапсырмасы бойынша «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық офисі 2018 жылдың желтоқсанында ашылған болатын. Бұл жобаның аясында облысымызда үлкен жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік органдар оңтайландырылуда, фронт-офистер ашылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдарымен жұмыс жасалуда. Мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылуда. Біз қоғам сұраныстарына сай жылдам әрекет етудеміз. Сол үшін де облысымыздың қалалары мен аудандарында фронт-офистер жұмыс істеуде, – деді облыс әкімі.

Antikor Ortalygy-на келген азаматтарға EGOV порталы арқылы ақпарат алуға да мүмкіндік мол. Бұл жерде «Азаматтарға қызмет көрсету орталығының» арнайы терминалы орналасқан. Бұдан бөлек балалар бұрышы да қарастырылған.

 

Рекомендовать
Последние новости