Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды

Қаракөз Амантай 29 авг. 2024 09:56 2055

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Франция билігіне бес миллион еуро кепілдік төлеуі керек. Бұл туралы Париж прокуратурасының мәлімдемесінде айтылған.

Прокуратураның мәлімдемесінде құқық қорғау органдарының талабы бойынша тергеуге қажетті ақпарат беруден бас тарту, киберқылмыс, ақшаны жылыстату, алдын ала декларациясыз криптологиялық құрылғыны әкелу, баланың суреттерін таратуға қатысу сияқты алты құқық бұзушылық туралы айтылған.

Құжатта Францияда алдын ала тергеу ақпан айында, яғни хабарланған уақыттан ерте басталғаны аталып өткен. Тергеуге сот өтініштеріне жауаптардың толық болмауы себеп болды.

Прокуратура Дуровқа қатысты тағы екі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Олармен француз жандармериясының кибер бөлімшесі мен кедендік алаяқтықпен күрес департаменті айналысады.

Сот шешіміне сәйкес, енді ол аптасына екі рет полицияға келіп, белгіленіп отыруы шарт.

Айта кетейік, Павел Дуров заңсыз транзакциялар жасайтын онлайн-платформаны басқарғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Павел Дуров тамыздың 25-іне қараған түні Әзербайжаннан жеке ұшақпен келе жатқанда ұсталды. 26 тамызда Париж прокуратурасы Telegram платформасы арқылы жасалған қылмыстарға қатысты шілде айында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


Рекомендовать
Последние новости