Өзбекпен арамыз жақындай түсті

Dalanews 27 дек. 2017 10:12 843

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда екі есеге көбейіп, 2 млрд доллар болған. Көрші елдер бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізгісі келеді, деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев республикалық журналистерге берген сұхбатында.

– Қазақстан үшін Өзбекстанмен қарым-қатынас орнату өте тиімді, қажет. Біздің арамыз жақсарып келеді. Бір жыл ішінде тауар айналымы екі есеге – 1 млрд доллардан 2 млрд долларға жеткен. Біз Өзбекстанның жаңа президенті Мирзияевпен 5 млрд долларға дейін жеткізуге келістік, – деп хабарлады мемлекет басшысы.

Назарбаев Қостанайда Өзбекстамен бірге электронды двигательмен жүретін автомобиль шығаратын кәсіпорын ашылғанын еске салды.

"Келесі жылды біз Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияладық. Қазақстанның Өзбекстандағы күндері де өтеді", – деді Назарбаев.

Рекомендовать
Последние новости