Өзбек пансионаттары Қырғызстанның қарамағына өтеді

Dalanews 04 апр. 2016 23:28 889

Ыстық көлдегі "Рахат", "Дилором", "Золотые пески" және "Бустон" деп аталатын өзбек пансионаттары Қырғызстанның қарамағына өтеді. Осылай деп Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, аталған құжатқа елдің премьер-министрі Темир Сариев қол қойған.

Өзбекстан Ыстық көлдегі пансионаттарды 2010 жылы жалға алған. Қырғызстан ақпарат құралдарының жазуынша, бұл хабарды өзбек тарабына дипломаттар жеткізеді.

Еске сала кетейік, алдын Қырғызстанның қарамағына Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстарындағы бірқатар әлеуметтік нысандар да өткен.

Үкіметтің жариялаған қаулысына сәйкес, Өзбекстан Қырғызстанға 20 шаруашылық нысандарын қайтаруы тиіс. Олардың ішінде Орто-Токой су қоймасы да бар. ​

 

Рекомендовать
Последние новости