Отарда сарбаз комаға түскен: Тоқаев кінәлілерді жазалауды талап етті

Сағыныш Сардарова 17 июн. 2024 16:17 2853

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Отарда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың комаға түсуіне байланысты кінәлілерді жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президенті кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған
үндеуімен танысқан.
 
"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Рекомендовать
Последние новости