Кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің басқа да мүшелері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша Қоғамның жұмысы туралы және алға қойылған міндеттері туралы мәселелер қаралды.
Кеңес отырысының қорытындысымен Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік орган басшыларына Қор жұмысын жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, «Отандастар қоры» Қоғамы Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, Кеңестің төрағалығына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және орынбасарлығына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов сайланды.