Өскеменде тиімділігін көрсеткен «Сергек» камералары енді Семейге орнатылады

Dalanews 08 дек. 2021 14:48 865

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Цифрландыру басқармасының жетекшісі  Марина Гагарина журналистердің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Өскемен қаласында «Сергек» бейне бақалау жүйесі 2019 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келе жатқанын айтып, бейне бақылау жүйесінің арқасында облыс орталғында қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары айтарлықтай төмендегенін алға тартты. Басқарма басшысы алдағы уақытта ШҚО әкімдігі «Сергек» бақылау камераларын Семей қаласына да ортауды көздеп отырғынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде Өскемен қаласында төрт мыңыннан астам «Сергек» бақылау камералары орнатылған. Олардың 159 орталықты қамтыса, 1300 камера қаладағы тұрғын үйлердің аулаларында бейнебақылау жүргізеді. Қалған жол бойында көлік қозғалсын бақылайды.

Биыл жол бойында орнатылған «Сергек» камерералары 150 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғаларын тіркепті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Ол кезде 115 мың жол ережесін бұзу оқиғасы анықталған болатын.


Сол сияқты жыл басынан бері «Сергек» камералары қоғамдық орындарды тоғыз мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларын тіркеген. Бұл өткен жылмен салыстырған 17 пайызға артық болып тұр. Биыл бейне бақылау камераларының көмегімен 137 қылмыстық оқиғалардың беті ашылған.

Өз кезегінде ШҚО Цифрландыру басқармасының жетекшісі Марина Гагарина Өскемендегі қоғамдық тәртіпті сақтауда «Сергек» камералары өзінің тиімдігін көрсеткенін алға тартты.

Облыстық әкімдік осындай оңды нәтижелерді ескеріп, алдағы уақытта Семей қаласында «Сергек» камераларын орнату жайында шешім қабылдағаны бүгінгі баспасөз мәслихатында айтылды.

Алдағы уақытта Семейдегі 74 көше қиылысына және 40 көшенің бойына бейне бақылау камералары орнатылмақшы. Жақын уақытта Семейде ұзын саны 1390 «Сергек» камералары қоғамдық тәртіпті бақылайтын болады.

– Қазіргі таңда Семейде қай жерлегге бейне бақылау камераларын орнату жоспары бекітілді. Алдағы уақытта ШҚО ситуациялық орталығына жалғанған 20 камера «пилоттық» жоба ретінде жұмысын істейтін болады, – деп атап өтті Марина Гагарина.  


Қазіргі таңда ШҚО аумағында 18 мыңнан бейне бақылау камералары орнатылған. Олар күндіз-түні қоғамдық тәртіпті бақылап, қылмыстың алдын алуда.

Рекомендовать
Последние новости