Тәуелсіздік сыйы. Глубокое ауданында 629 шаруақожалығы табысты жұмыс істеуде

Dalanews 06 дек. 2021 14:03 1070

Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің қарқынын арттыру – Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытудың іргелі стратегияларының бірі. Агроөнеркәсіптік кешен аймақ экономикасының негізі болып саналады. Себебі облыс сүт, күнбағыс майы, бал өндірісі бойынша алдыңғы орында. Ал, ет өндірісі бойынша елімізде екінші орынға ие. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ішінде ел экономикасының дамуында Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені маңызды рөл атқарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шығыс Қазақстан облыс құнарлы топырағымен ерекшеленіп, су қоймаларына, егістік жерлер мен жайылымдарға бай. Айталық, Глубокое ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 629 шаруақожалығы, 89 ауыл шаруашылығы кәсіпорны және 18,3 мың үй шаруашылығы айналысады. Облыстың жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығының өнім көлемінің үлесі 6,8%-ды құрайды.

Ауданда ауыл шаруашылығымен қатар, өсімдік және мал шаруашылықтары қарқынды дамуда. Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 73,2%, мал шаруашылығы 26,8%-ын құрайды. Аумақтағы мал шаруашылығының басты ерекшелігі – әртараптандырылған сипатта екенін айтуға болады.

Аудан аграрлық сектардың жоғары тиімді дамуының негізі болып табылатын құнарлы қара топыраққа ие. Шығыс Қазақстан облысында дайындалатын ағаштың көп бөлігі Глубокое ауданына тиесілі.


Ел егемендігінің 30 жылдығында жоғары ғылыми әлеует қолға алынып, нәтижесінде облыс шаруашылықтары мен республиканың басқа да өңірлерін жоғары репродукциялы тұқымдармен қамтамасыз ететін тұқым өсіру шаруашылықтары қалыптасты. Мұның бәрі егіншіліктің жоғары мәдениеті мен өндіріске ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу арқылы қол жеткізілді.

Тәуелсіздік жылдарында екі сүт-тауар фермасы қайта құрылды. Осылайша, «ОХМК» ЖШС-де 600 қара басқа арналған ферма салынды. 2016 жылы «Делаваль» ЖАҚ жабдық орнатылып, пайдалануға берілді. «Бобровка +» ЖШС 600 басқа арналған сүт тауарлы фермасын қайта жаңартуды жүргізді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 48,2 млрд теңгені құраған. 2021 жылы егіс алқабы 105,7 мың гектар көлемін көрсетті. Бұл  2020 жылмен салсытрғанда 3,2%-ға артық.

2021 жылы аграршылар 3 млрд теңгеден астам сомаға 86 бірлік техника сатып алғанын да айта кетуіміз керек.

2021 жылдың 10 айында аудан аграршылары 1 млрд 945 млн теңге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шараларын алды. Бұл ел тәуелсіздігінің айқын көрінісі. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен өкілдері әлеуметтік салаға етене араласып, жауапкершілік қалыптастырып, жерлестеріне қолұшын созуға даяр. Бұл өңірдің АӨК дамуының оң серпінін көрсетеді.

Рекомендовать
Последние новости