Өскеменде Республика күніне арналған мерекелік шаралар мемлекеттік Ту көтеруден басталды

Dalanews 25 окт. 2022 09:49 1298

Республика күні мерекесінде Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында қоғамдық, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік күйді бастан кешті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде өткен мерекелік шараның басы еліміздің көк байрағын көтеруден басталғанын айта кетуіміз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Республика күні мерекесін қайтарып, осы бір айтулы күнге ұлттық статус беруі қоғам тарапынан айрықша қолдау тапқанын білеміз.

Өз кезегінде Президент «Осы бір есетен кетпес күн ел азаматтарына қуаныш сыйлайтын мереке болуға әбден лайық. Өйткені еліміздің қала берді әрбір азаматтың еркіндікке ұмтылыу 25 қазан Республика күнімен сабақтасып жатыр. Сондықтан Республика күнін лайықты атап өтуіміз керек» деген еді.

Биыл Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары Республика күнін үлкен масштабта атап өтіп, халықтың патриоттық сезіміне ұштай түсті.

– Республика күні мерекесін пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысы экономикасының берік іргетасын қалап, ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын! Биыл алғаш рет ауқымды деңгейде тойланып отырған Республика күні бәрімізді ортақ мақсатқа жұмылдырып, Қазақстанды қуатты елге айналдыруға ықпал ететіне сенемін! Барлықтарыңызды Ұлттық мерекемен құттықтаймын! Барша облыс тұрғындарына бақыт, денсаулық еңбектеріне табыс тілеймін! Ортақ Отанымыз Қазақстан Республикас өсіп-өркендей берсін! – деп Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов облыс тұрғындарына ақжарма тілегін арнады.  


Сонымен қатар облыс басшысы өзінің құттықтау сөзінде Республика күні мерекесінің тарихына тоқталды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-ның Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Декларация қыбылданғанын атап өтті. Маңызды құжат Декларацияда мемлекетіміздің тұтастығы және оның территориясының бөлінбейтінгі және Қазақстанды мекендейтін халықтардың мәдениетін дамыту, еліміздің ұлттық ерекшелігін өркендету мәселелері мызғымастай болып бекітілгені белегілі.

2009 жылға дейін Республика күні мемлекеттік мерекелердің қатарында болғанын білеміз. Биылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні маңызды мемлекеттік мерекелердің қатарына қосылып, ұлттық статусқа ие болды.

Тұтас ел көлемінде атылып өткен мерекені шығысқазақстандықтар да жоғары деңгейде атап өтті. Мереке қарсаңында өңірде білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй коммуналдық саласында жаңа нысандар ашылып, жұрттың пайдалануына берілді. Сонымен қатар ШҚО-ның облыс орталығымен аудандарында мекерелік шаралар ұйымдастырылып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Рекомендовать
Последние новости