Республика күні ШҚО-да 34 отбасы баспанаға ие болды

Dalanews 25 окт. 2022 11:32 1010

Шығыс Қазақстан облысында Республика күні мерекесі күні көпбалалы отбасылар көптен күткен баспаналары қол жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке күні Шығыс Қазақстан облысының үш ауданы – Тарбағатай, Глубоко және Тарбағатай ауданында тұратын көпбалалы отбасыларға тұрғын үй кілті табысталды.

Осы ретте көпбалалы отбасыларға баспана «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында берілгенін айта кетуіміз керек.

Аталған бағдаралама бойынша Глубоко ауданында 10 отбасы, Тарбағатай ауданы 6 отбасы баспаналарына ие болды. Ал Ұлан аудандағы Герасимовка ауылында 12, Сағыр ауылындағы 6 отбасы қоныс тойын тойлады.

– Құрметті жерлестер Республика күні қарсаңында баспаналы болып жатқан көпбалалы отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Ел дамуы үшін еңбеке етіп жүрген азаматтарға және жаңа үйлерді тұрғызған құрылысшыларға алғыс айтамын! Барлықтарыңызға жарқын болашақ тілеймін! – деді Глубоко ауданының тұрғыны Меруерт Махтиева.

Глубоко ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша 2021 жылы 20 отбасы қоныс тойын тойласа, биыл тағы 10 отбасы баспанаға қол жеткізгенін алға тартты.

Ұлан ауданында да екі жылдан бері «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы сәтті іске асуда. Республика күні Ұлан ауданында тұратын Күләш Дәлелдің отбасы да жаңа баспанаға қол жеткізді.

– Мереке күні баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп жатырмыз. Енді Республика күні біздің отбасымыз үшін айтулы мерекегғ айналды. Бұл күні біздер өзіміздің көптен күткен баспанамызға қол жеткіздік, – деді Сағыр ауылының тұрғыны Күләш Дәлел.

Республика күні Шемонаиха ауданында дене шынықтыру және сауықтыру кешені жұрттың пайдалануына берілді. Жаңа нысанның ашылудын аудан тұрғыны Екатерина Бейсембаева дәл осы кешенің ашылуын асыға күткенін айтты.

– Енді біздер бос уақытымызды тиімді өткізетін мүмкіндікке ие болдық. Алдағы уақытта денсауылғымызды түзеп, спортпен айналысамыз, – деді тұрғыны Екатерина Бейсембаева.



Осылайша Шығыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 10 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар 34 отбасы қоныс тойын тойлағанын айта кетуіміз керек.

Рекомендовать
Последние новости