Өскемен мен Семей тұрғындары үйден шығу үшін ПИК-тен рұқсат қағазын алады

Dalanews 01 апр. 2020 14:36 897

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен мен Семейде  жүріс-тұрысты шектеп, сақтық шараларын күшейткеннен кейін, құзырлы орындар арнайы брифинг өткізіп, халыққа негізгі ережелерді түсіндіріп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өскемен мен Семейде 6 сәуірге дейін халық пен көліктердің бейсауыт жүрісіне шектеу қойылды. ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат қос қаланың тұрғындары арнайы рұқсат қағазбен ғана көшеге шыға алатынын жеткізді. Мұндай рұқсат қағазы бір пәтерге немесе бір үйге бір-біреуден ғана берілмекші.

Рұқсат қағазға ие болған отбасы мүшесі сауда нысандары мен дәріханаға барып сауда жасап, банк қызметін пайдалана алады. Мұндай рұқсат қағазды тұрғындар бір аптаның үш күнінде бөліп пайдалана алады. Қағазды қос қаланың тұрғындары 2 сәуірден бастап пәтер иелері кооперативтері мен кондоминимумдерден ала бастайды.  


Ал қаланың коммуналдық мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне бөлек арнайы рұқсат қағазы берілетінін айта кетуіміз керек.

Жасы 70 асқан, 1,2 топ мүгедектерінің үйден шығуына мүлде болмайды.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Өз кезегінде ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов ертеңнен бастап, яғни, 2 сәуірден бастап үйден шығуларына тыйым салынған тұрғындар арнайы жеткізушілердің көмегімен азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажет тауарларды ала бастайтынын айтты.

Тұрғындарға көрсетілетін көмектің 4 стандартты комплектісі бекітілген. Арнайы себет әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің түрі мен 10 гигиеналық тазалық заттардан тұрады.[/perfectpullquote]

Ал ШҚО Жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағадарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев шағын және орта бизнес қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер күнделікті түсетін табысынан айырылуына байланысты мемлекеттің 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмегін ала алатынын хабарлады.

Өз кезегінде облыстық Білім басқармасының жетекшісі Сайрангүл Жұмаділова ШҚО аумағында білім алушылардың 90%-ның қашықтан білім алатын мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті.

Үйлеріне ғаламтор тартылмған тұрғындар арнайы роутермен қамтылады. Жеке компьютері жоқ балалар уақытша мектептің ноутбуктарын пайдаланбақ. Бұдан басқа «Ел-Арна» мен «Балапан» телеарнасы арқылы да онлайн білім алуға болады.

Айта кетуіміз керек, қазіргі таңда ШҚО -дағы провизорлық стационарларда 52 адам, карантинда 61 адам бақылауға алынған. Бұдан басқа тағы 662 адам үй жағдайында оқшауланған.

Рекомендовать
Последние новости