Ө.Шөкеев: «Жолдауда көтерілген бастамалар халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпалын тигізеді»

Dalanews 18 мар. 2022 12:34 874

Бүгін Түркістанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы міндеттерді орындау мәселелері бойынша партияның  облыстық активінің мәжілісі өтті. Жиынды облыс әкімі, «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп жүргізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Актив отырысына партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері,  «Jas Otan»  жастар қанатының жастары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында алдағы жүзеге уақытта жүзеге асатын Мемлекеттік басқару ісіндегі басты өзгерістерге тоқталды. Елде Парламенттің ықпалын күшейтіп, берік негізді елге айналудың алғышарттарын ұсынды. Саяси трансформациялар – қоғамдағы әділдікті орнатып, ел даумына ерекше серпін беретіндігіне де тоқталды.



Мемлекет басшысының ұсынысымен еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізіледі. Бұл тарихи әділеттілікті орнатып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да оң ықпалын тигізері анық. Біз бұған өзіміздің Түркістан облысының бүгінгі келбеті мен тыныс-тіршілігін мысал ретінде көрсете аламыз, – деген Өмірзақ Шөкеев Жолдаудағы бағыттар Жаңа Қазақстанды құруға деген үлкен талпыныс, зор мүмкіндік екенін атап өтті.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевқа сөз беріліп, саяси ұйымдағы жаңа бастамалар мен модернизациялау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайы баяндалды.

– Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, жауапты басқарма мен жергілікті құрылымдық бөлім мамандарының қатысуымен мобильді қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Алғашқы қабылдаулар Қазығұрт, Созақ аудандарының шалғай ауылдарында өтті. Қабылдауларға 244 азамат келіп, өз өтініштерін білдірді. Олардың негізгі көтеріп отырған мәселелері: жаңа мектептер салу, субсидия, ішкі жол құрылысы, ауыз су, жайылым жер, электр энергиясы мен интернет сапасының нашарлығы, денсаулық сақтау және тұрақты жұмыспен қамту. Бұл жұмыстар биыл 1 маусымға дейін 14 ауданның ең шалғай ауылдарында жалғасады.

Облыс көлеміндегі бастауыш партия ұйымдарында зерделеу жүргізіліп, 21 БПҰ-да қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу қолға алынды. Сонымен қатар облыстық партия филиалы жанынан құрылған 12 қоғамдық кеңес оңтайландырылып, саны 8-ге азайды. Ал аудан, қалалардағы кеңестердің саны 9-дан 5-ке кеміді. Қалай десек те, бүгінгі Жолдау ел тарихында «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың басты, құнды құжаты ретінде саналары анық,  – деді Бейсан Тәжібаев.




Актив жиынында Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Turkistan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры Гүлжазира Матенова, Келес аудандық мәслихатының депутаты Д.Абдиев Жолдауға қатысты ойларын ортаға салды.

Мәжіліс соңында Ө.Шөкеев Жолдауды жан-жақты саралау үшін аудан, қалаларда актив жиналыстарын өткізуді, халыққа кең көлемде насихаттауды ұйымдастыру тапсырмаларын жүктеді.

Рекомендовать
Последние новости