Орыстілді украиндардан көмек күткен Путин бармақ тістеп қалды - Сорос

Dalanews 05 апр. 2022 15:42 727

Путин аяушылық сезімнен жұрдай. Ол шешен халқын жер бетінен жойып жібере жаздаған, Киевтегі әрекеті де соған ұқсас. Бұл туралы миллиардер Жорж Сорос Project-syndicate агенттігіне берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Соростың пікірінше КГБ-ның шекпенінен шыққан Путин соңғы 10-15 жылда адам танымастай өзгерген. Шынайы өмірден тым алшақ кеткен Кремль диктаторы критиканы мүлдем қабылдай алмайды. Оның принципіне қайшы пікір айтқан адамдардың оққа ұшуы немесе іс-түссіз жоғалып кетуі соның дәлелі.

Украинаны екі-үш күнде жаулап аларына сенген Путин шымбайына бататын шындықпен бетпе-бет келген.

«Ол орыстілді украиндардан үміт күтті. Олар орыс солдаттарын құшақ жая қарсы аларына сенімді болды. Орыстілді украиндар Киевті күйретуге атсалысады, орыс оккупанттарының қатарына қосылады деп пайымдады.

Іс жүзінде орыстілді украинның украин тілінде сөйлейтін аудиториядан еш өзгешілігі жоқ. Олардың тілі бөлек болғанмен, таным-түсінігі бір.


Украин жеріндегі қос тілді аудитория – Путинді агрессор деп таниды. Кремль украин халқы мұншалықты қарсылық көрсетерін күткен жоқ. Күші басым жауға тойтарыс берді», – дейді миллиардер Сорос.

Сұхбаттың толық нұсқасын оқыңыз:


https://dalanews.kz/sadak/74784-ukrainaga-basyp-kirmes-buryn-putin-qy

Рекомендовать
Последние новости