Ордабасы ауданында өндірілген мақта талшықтары Батыс елдеріне тасымалдануда

Dalanews 01 нояб. 2018 05:45 741

"Балапанды күзде сана" деп бекер айтпаған. Жер емген шаруалар үшін төккен тер мен еңбектің жемісі күзде белгілі болады.

Соның бір айғағы жері шүйгін, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы ауданы тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. Соның бір дәлелі – Ордабасы ауданында өндірілген мақта талшықтары Чехия, Белоруссия мен Молдова елдеріне жөнелтіліп жатыр.

Кәсіпкерлер қазір өзге де мемлекеттерден тапсырыстар түсіп жатқанын айтады.


Әзір ордабасылық дихандар да күн-түн демей ақ алтынды төкпей-шашпай шығынсыз шинап алудың қамына кіріскен. Жергілікті дихандардың еккен өнімдеріне шетелдіктер қызығушылық танытуда. Осыдан екі жыл бұрын ашылған мақта өңдеу зауытынан шыққан мақта талшықтары шетелдерге жөнелтілуде.

Зауыт директоры Батырбек Мырзаханның айтуынша, әзіргі күні кәсіпорын әріптестік аясын кеңіту үстінде.

– Сыртқа нарыққа шығатын мүмкіндігіміз мол. Ордабасы мақтасына қызығушылық танытып отырған шетелдік әріптестермен келісөзздер жүргізіп жатырмыз. Батыс елдері ауданның мақтасы сапасын жоғары деп бағалап отыр. Жақында ғана чехтармен келісім шартқа отырғанбыз. Молдавадан да кәсіпкерлер келіп, өндірістің қыр-сырымен танысып жатыр. Экспортқа шықсақ табысымыз да артары анық, – дейді ол.

Осылайша Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге әбден негіз бар.

 

Рекомендовать
Последние новости