Ордабасы ауданында 3606 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Dalanews 11 дек. 2018 06:35 857

Ордабасы ауданында 2018 жылдың 10 айында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» 3606 қатысушыға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Бағдарламаның І-бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша жоспар 385 азамат, оның ішінде кәсіби оқытуға - 50 азамат, қысқа мерзімді курсқа – 335 азаматты оқыту курстарынан өткізу межеленді. Бүгінгі таңға 335 азамат қысқа мерзімді оқу курстарына жолданды. Жоспар 100 пайызды құрады.

Бағдарламаның екінші бағыты – «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша 2018 жылға кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау–бизнес» жобасы бойынша 10 айдың қорытындысымен 146 азамат оқу курстарына жолданды. 40 азамат шағын несие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде тұрақты және уақытша жұмысқа, жаңа жұмыс орындарына 2 241 азамат жолдама алды. 2 545 азамат бос жұмыс орындарына, 194 азамат жаңа жұмыс орындарына орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы 230 азаматты жіберу жоспарланса, нақты – 267 азамат жолданды, жоспар 116,1 пайызға орындалды.

Жастар практикасына 166 азаматты жіберу жоспарланса, нақты – 209 адам жолданды, жоспар 125,9 пайызға орындалды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2018 жылы 316 адам жолданды.

Мүмкіндігі шектеулі 99 азамат жұмыспен қамтылды.

Пробация қызыметінде есепте тұрған 123 азаматтың 31 жұмысқа орналасты, оның ішінде 4 адам квота арқылы тұрақты жұмысқа орналасты.

Рекомендовать
Последние новости