Ордабасы ауданына 7,5 млрд. теңгенің инвестициясы тартылған

Dalanews 25 мая 2021 11:38 849

Ордабасы ауданында 7,5 млрд теңгеден астам инвестиция игерілген. Негізгі қорды жаңғыртуға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 217,3 пайызды құрады. Оның 75,5 %-ы бюджеттік емес инвестиция, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кепілсіз несие бойынша 57 жеке кәсіпкер 228,5 млн теңге қаржыландырылды. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс деңгейінде 3 орында. Микро несие ұйымдары арқылы 2 млрд теңгеден астам несие игерілген. «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында жеңілдетілген қолжетімді несиені алу мақсатында 37 жоба ұсынылып, 23-і мақұлданды.

Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі де едәуір артқан. Ауданда 39 кәсіпорын өз істерін дөңгелетіп, ұршықша үйіріп отыр. Олардың өндірген өнім көлемі жыл басынан бері 8 млрд теңгеден асып, облыс көлемінде алдыңғы қатарда. Биыл «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,7 млрд теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асып, 500-ге азамат тұрақты жұмыспен қамтылады.

Атап айтқанда, жылдық қуаттылығы 2 млн тоннаға жететін «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдеу жобасының жалпы құны 300 млн доллар (129,9 млрд теңге). Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан «Агро-V» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы, жалпы құны 2,3 млрд теңге жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын «RZN» ЖШС-нің автоклавталған газдалған бетон өнімін өндіру жобасы. Сондай-ақ, жалпы құны 0,8 млрд теңге болатын «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы. Жоба 3-тоқсанда іске қосылады деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости