ОҚО-да медициналық ақпараттандыру жүйесі орнтатылады

Dalanews 15 июн. 2017 15:32 760

Жыл соңына дейін облысымыздағы барлық денсаулық сақтау ұйымдарында  медициналық ақпараттандыру жүйесі 100 пайыз орнатылатын болады. Аталған жүйе денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыстарын автоматтандыруды, қажетті емханалық және әкімшілік ақпарат құруды және қағазсыз технологияларға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз етеді. Бүгін бұл туралы Шымкент қалалық №6 емхана жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Айта кетейік, кешенді медициналық ақпараттық жүйесі облысымызда 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап  жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда аталған жаңа жүйе облыстың амбулаторлық-емханалық және  38 медициналық ұйымдары мен бөлімшелерінде орнатылған. Аталған пилоттық жүйеге стационарлық қызмет көрсететін ұйымдар да қосылып, жүйені тираждау мәселесін   жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

– Облысымыздың денсаулық сақтау саласы күннен-күнге ерекше қарқынмен дамып келеді. Қазіргі таңда медициналық көмекті жақсарту мақсатында облысмыздағы барлық денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпараттандыру жүйесін орнату үстіндеміз. Сонымен қатар, осы бағытта медициналық ұйымдарды 2017 жылы толық компьютермен жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл жүйенің тиімділігі мол. Сондықтан жаңашылдыққа ұмтылудан қорықпай, халықтың денсаулығын жақсартуда әрқайсымыз аянбай еңбек етуіміз керек, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

«Даму» ақпараттық технологиялық орталығы әзірлеген жоба – «DamuMed» кешенді медициналық ақпараттық жүйесі деп аталады. Аталған өңірлік жүйе медициналық ұйымдарда ішкі процессті автоматтандырып қана қоймай, медициналық көмек көрсету деңгейлерінің бір-бірімен интеграциясын, онкология, туберкулез, кардиологиялық  арнайы қызметтердің  шұғыл  сабақтастығын қамтамасыз ете алады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости