Оқырман сауалы: Алматы облысында көпбалалы отбасыға қандай көмек көрсетіледі?

Dalanews 05 апр. 2019 03:54 812

Халық көбейгеннен, қазақ көбейгеннен мемлекеттің несібесі кеміп қалмасы анық. Аға-бауыр, іні-қарындас деген ұғымдар қазақтың болмысымен біте қайнасып кеткенін қазақы тәрбие алған әрбір азамат жақсы біледі.

Көпбалалы отбасыларға көмектесу кімге де болса сауапты іс.

Бүгінгі күні Алматы облысында 40 мың аса көпбалалы отбасы тұрып жатыр.

Иә, олардың тұрмыс деңгейі, әл-ауқаты, табыс көрсеткіші әртүрлі екені түсінікті. Осы себепті де ең алдымен, айлығы шайлығына жетпейтін, күнкөрісі төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілетіні Үкіметте де, жергілікті деңгейде де талай айтылып жүр.

Бұл орайда біз «Алматы облысында тұратын көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетіледі?» деген соңғы бір айы бойына редакцияға (оның ішінде «Қала мен Даланың» әлеуметтік желідегі парақшаларына) толассыз келіп жатқан оқырмандар сауалына жауап бере кеткенді жөн көрдік.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бұдан бұрын аз қамтылған отбасыларын, соның ішінде көпбалалы отбасыларын неғұрлым кең қамту үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлері төменгі күнкөріс шегінің 70 процентіне дейін, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін (күнкөріс деңгейінің төменгі шегі – 29698 теңге) арттырылатынын айтқан.

«Мұндай отбасылардың кіріс жиынтығын есептегенде көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, балалардың мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар, стипендиялар есепке алынбайды.

Соның негізінде біздің облыста атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 11 мың отбасынан (59 мың адам) 17 мың отбасына (87,4 мың адам) артатын болады.

Сол сияқты мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы көлемі де 30 процентке ұлғаяды, оны облыста 8 108 отбасы алады», – деген еді өз сөзінде Амандық Баталов.

Бұдан бөлек облыс бюджетінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қосымша 3 миллиард теңге бөлінді.

Осы қаражатқа көпбалалы отбасыларына арнап салынатын екі көп қабатты үйдің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау, құрылысын бастау, коттеджді қалашықтан үй бөлу, 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 млн теңдеген тұрғын үй сертификаттарын бөлу, ЖОО-ға қосымша 100 грант бөлу, осы санаттардағы отбасы балаларын мектепте тегін ыстық тамақпен қамту және басқа да шаралар атқарылады.

 

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмектің бірі парасы:

Көпбалалы отбасылардың балалары мектептерде 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бүгінге дейін көпбалалы отбасынан шыққан 32 мың бала тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен қамтамасыз етілген, бұдан бөлек олар жазғы лагерьлерде демалатын болады.

...

Облыс орталығында көпбалалы отбасыларға арналған 2 көпқабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар коттеджді қалашықтан үй бөлу мәселесі қарастырылатын болады.

...

Алматы облысында мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы көлемі де 30 процентке ұлғаяды, оны облыста 8 108 отбасы алады.

...

Балабақшаларда көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан 21 мың баланың ас-суын субсидиялау жоспарланып отыр. Бұған бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінбек.

...

Өңірдегі әрбір аудан мен ауылда электронды әлеуметтік карта әзірленетін болады. Сонымен бірге облыс орталығында және әрбір аудан-ауылдарда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қызмет көрсететін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықтар ашылады.

....

Облыста атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 11 мың отбасынан (59 мың адам) 17 мың отбасына (87,4 мың адам) артатын болады.

...

Облыс бюджетінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қосымша 3 миллиард теңге бөлінді.

...

Өңірде 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 млн теңгеден көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй сертификаттары беріледі.

 

 

РЕДАКЦИЯДАН:

Алматы облысында көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін әлі де болса тереңірек зерттеп, «Қала мен Даланың» келесі санында жариялайтын боламыз.

 

Рекомендовать
Последние новости