"ОПГ құрған...". Арыста 160 млн теңгені қымқырған шенеунік ұсталды

Dalanews 17 июл. 2021 09:29 963

Түркістан облысы Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Мәлім болғандай, лауазымды тұлға "бір топ адаммен" бірге 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын қалтасына басып отырған.

"Ол мемлекет қаржысын өзінің жақын туыстары мен таныстарының есепшотына аударып отырған. Негізі бұл - аз қамтылған мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған қаражат болатын. Салдарынан мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келген" деп мәлім етті агенттік.

Жымқырылған қаражат "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" бағдарламасы шеңберінде Арыс қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы төлеуге және кей санаттағы азаматтарды пандемия, төтенше жағдай мен шектеу шаралары кезінде азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінген еді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости