Оңтүстікте 600-ден астам кооперативтер құрылады

Dalanews 26 июн. 2017 02:13 974

Елімізде биылғы жылы қабылданған «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл кооперативерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары бірікті.

Жаңадан құрылған кооперативтердің тыныс-тірішлігімен танысу мақсатында арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, онда БАҚ өкілдері Қазығұрт ауданындағы «Ханшайым» кооперативіне барды. Серіктестік мал бордақылап, оның етін өткізумен айналысады. Сексенге жуық мүшесі бар кооперативте бүгінде 1000-нан астам ірі қара бордақылануда. Сонымен қатар, оның меншігінде 50 басқа арналған мал сою бекеті мен арнайы қоймалар қарастырылған.

Мемлекеттен жеңілдетілген несие алу ісі қолжетімді бола түскенін айтқан кооператив төрағасы Сырым Ертаев дайын өнімді өткізуде кедергілер жойылып, етті экспорттауға мүмкіндік молайғанын атап өтті.



Оның айтуынша, бүгінде мал етін өткізу үшін еліміздің өзге аймақтарынан бөлек, Өзбекстан және Ауғанстанмен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, кооператив мүшелері мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен жеңілдетілген несиелер алу үшін құжаттар дайындау үстінде. «Ханшайым» коопертивіне мүшелікке енгендердің бірі Жеңіс Сламбаев.

– Жеке шаруа үйінің ауласында 40-қа жуық ірі қараны бордақылауда. Бұрын етті өткізу жайы әжептеуір ойландыратын болса, коопеаративке кіргелі бері бұл іске бас қатырмайтын болдық дейді. Оған қоса мемлекет тарапынан бұқаның әр басына 20 мың теңге субсидия аламыз. Келешекте кооператив атынан 6 пайызбен несие алып, мал басын 100-ге дейін жеткізсем деген мақсатым бар, – дейді ол.

Бұдан кейін БАҚ өкілдері Шарапхана ауылындағы «Қаратас» ауыл шаруашылығы кооперативінде болды. Аталған серіктестік сүт өнідірумен айналысады. Жылдың басында құрылған кооперативке бүгінде 86 шаруа мүше. Ұжымның қарамағында 700-ге жуық ірі қара болса, оның 150 басы сауын сиырлар. Кооператив тәулігіне 1,2 тонна сүт өндіреді.



Серкітестіктің 30 мүшесі жуырда «Ауыл шаруашлығын қаржылау қолдау қоры» арқылы 130 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Аталған қаржыға сауын сиырлар сатып алынуда. Яғни өнім көлемінің артуына байланысты кооператив сыйымдылығы 2 тонналық сүт сақтайтын танкер алуды жоспарлап отыр. Шығынның 50 пайызын мемлекет өтеп береді. Демек, келешекте серіктестік тәулігіне 3 тоннаға дейін сүт өндірмек.

Жалпы, 2021 жылға дейін ОҚО-да 90 мыңға жуық жеке шаруа қожалықтарын біріктірентін 600-ден астам кооперативтер құрылады деп жоспарлануда.

 

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости