Оңтүстік Корея прокуратурасы президентін қамауға ордер сұрады

Dalanews 27 мар. 2017 10:34 986

Оңтүстік Корея прокуратурасы сыбайласқан жемқорлыққа қатысты жаналдан соң биліктен шеттетілген бұрынғы президент Пак Кын Хені қамауға алуға ордер сұратты.

Прокуратураның 27 наурыздағы мәлімдемесі бойынша, Пак Кын Хе пара алу үшін "президенттік мансабы мен билігін асыра пайдаланған", мемлекеттік істер туралы құпия мәліметтердің таралуына жол берген. "Бұл - үлкен қылмыс", – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Сеулдің орталық аудандық соты прокуратура өтінішіне әзірге жауап берген жоқ. Сот шешім қабылдамастан бұрын, бұрынғы президентті тергеуге шақыруы мүмкін.

65 жастағы Пак Кын Хеге билікті асыра пайдалану, сыбайлас жемқорлық, үкіметтің құпия ақпаратының жариялау секілді айыптар тағылып отыр. Ол Оңтүстік Кореяның демократиялық жолмен сайланып, қызметтен шеттетілген алғашқы президенті. Оның биліктен кетуін биыл наурыз айының басында елдің Жоғарғы соты бекітті.

Конституцияға сәйкес, президенттік сайлау 60 күн ішінде өткізілуі тиіс.

Пак Кын Хеге елдегі ірі компаниялардың, соның ішінде Samsung топ-менеджерлерін өзінің дос қызы басқаратын қорға ондаған миллион доллар бөлуге мәжбүрлегені үшін импичмент жарияланды. Президент міндетін қазір елдің премьер-министрі Хван Гёан атқарып отыр.

Рекомендовать
Последние новости