Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады

Көркем Алдабергенова 03 янв. 2025 16:55 1073

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев жасанды интеллект орталығы болатын бірыңғай цифрлық хаб құру жұмыстарының барысына тоқталды. Индустриалды еңбек нарығында сұранысқа ие отандық кадрлар даярлауға, сондай-ақ білім беру мазмұнын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. 

Премьер-министр ЖИ дамуының практикалық тұрғыдан нақты пайдасын атап өтіп, технологиялық шешімдерді ауқымды енгізу бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сүру сапасына оң әсер етуі тиіс екенін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы бүгінгі сұхбатында Үкімет алдына экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Біз өнімді жұмыс орындарын құруға, сол арқылы еліміздің барлық өңірінде отбасыларды тұрақты табыспен қамтуға мүмкіндік беретін шикізаттық емес дамыған салалары бар өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикаға ұмтылудамыз. Елімізде GovTech және IT саласы табысты дамып келеді және оны жалғастыру қажет. Жалпы, цифрлы экономика өсудің маңызды әрі серпінді нүктелерінің біріне айналуы тиіс», — деп баса айтты Олжас Бектенов.

Президент сұхбатында атап өтілгендей, Үкіметтің басым міндеттері экономиканың орнықтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды серпінді дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі, сапалы жұмыс орындарының ұлғаюы болып қала береді.  

Премьер-министр Үкімет Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шаралар қабылдайтынын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости