"Нұртау" және "Алтай Альпісі". Шығыста қысқы туризм өркендеуде

Dalanews 27 нояб. 2019 12:09 1279

Бұдан бұрын Орталық коммуникация қызметінде журналистермен жүздескен ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде туризм дамытуға басымдық берілетінін айтқан. 

Шығыс Қазақстан тек Алакөлмен ғана танымал емес. Аймақтағы Глубокое ауданында шаңғы тебуге арналған екі бірдей курорт бар. Оның бірі – Нұртау (Бобровка ауылы), ал  екіншісі – Алтай Альпісі (Таулы Үлбі ауылы).

Глубокое ауданының әкімі Қалихан Байғонұсовтың айтуынша биылғы жылдың 10 айында туризмді дамыту үшін ауданға 480 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есе көп.


"Осынау қаражатты "Нұртау" курорт аймағын көріктендіру мақсатында (туристерге арналған 5 баспанаға коммуникация мен кәріз жүйесін тартып, жол жөндеу үшін) "БИПЕК АВТО – ҚАЗАҚСТАН" компаниясы берді, – деді аудан әкімі.

Айта кетсек "Нұртау" және "Алтай Альпісінде" шаңғы спортына қызығатын туристерге арналған жол, бұдан бөлек екі ілмек көтергіш, шана (стьюб) жолдары және бар. Қысқы демалысқа арналға жабдықтарды жалға алуға болады.

"Алтай Альпісінде" жеке 4 арқанжол (канатная дорога) бар. Бұдан бөлек шаңғы тебуді жаңадан үйренген туристерге арналған 600 метрлік бөлек төбе бар.


– Биылғы жылы курортта тағы екі арқанжолдың  құрылысы басталды. Бұған 150 млн теңге бөлінді,  – деді аудан әкімі.

Рекомендовать
Последние новости