Нұрлан Еспановтың ұлы даулы шуға қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 21 февр. 2024 14:37 5981

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың басы дауға қалды. Олжастың қыздарға жазған интимді сипаттағы хаттарының скриндері тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Олжас Еспановтың жазғанын TikTok-қолданушысы жариялаған болатын. Онда кіші Еспанов интим сипаттағы сөздер жазған.

Артынша Олжастың өзі мәлімдеме жасады.

"Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қателік жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз", - деді ол.

Көп ұзамай Еспанов қызмет ететін университет те бұл жайтқа бей-жай қарамай, пікір білдіріп, Олжас Еспанов жұмыстан қуылғанын жеткізді.

"Әлеуметтік желілерде SDU қызметкеріне қатысты жағымсыз оқиға болды. Бұл келеңсіз жағдай университеттің ішкі ережелеріне сай келмейтіні бәрімізге мәлім. Сондықтан да қызметкермен еңбек келісімшарты тоқтатылды.

Олжас Еспанов SDU университетінде 1 жылға жуық қызмет атқарды. Маман педагогикалық бағытта оқытушылық қызмет атқармады. Тек әкімшілік бөліміндегі SDU press баспаханасында жұмыс істеді. SDU University сапалы білім мен қатар, тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтарына ерекше мән береді. Мұндай келеңсіз жағдай SDU қызметкері тарапынан болғанына өкініш білдіреміз", - делінген жауапта. 

Айта кетейік, Олжас Еспанов 2020 жылы бұрынғы "Нұр Отан" партиясының атынан депутат болуға үміткер ретінде праймеризге қатысқан болатын. Сондай-ақ, ол 2018 жылы IQ Kazakhstan ұйымының арнайы тестілеуіне қатысып, ең ақылды деп табылған 30 адамның қатарына енді.


Рекомендовать
Последние новости