Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі халықпен тың байланыс орнатуда

Dalanews 29 окт. 2019 14:12 966

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлер тек кезек бойынша берілетінін әкімнің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаев алға тартты, – деп хабарлайды қаланың ресми сайты.

Таяуда мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерді кезексіз алып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. Шындығында кезексіз пәтер беру қарастырылмаған. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде тек кезек бойынша берілуде.

Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында коммуникативті ваккум қалыптасқаны жасырын емес. Бұл мәселені шешу үшін қалалық әкімшілік қоғамдық қабылдаулардың қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін концептуалды шараларды қабылдаған-ды.


Бүгінгі таңда әкімдіктің негізгі қызметі халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтық қоғаммен толыққанды өзара байланыс орнатып үлгерді.

Айталық, елордада әлеуметтік желілерде «кері байланыс» орнатылып, «Жанұя» және iKomek орталықтары жұмыс істер тұр. Сонымен бірге қала әкімінің жанында қоғамдық қабылдау тиімді қызмет атқаруда.

– Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап әр апта сайын қала әкім, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларымен тұрақты түрде азаматтарды қабылдауда. Атап айтқанда, әкімнің қоғамдық қабылдауы басталған уақыттан бастап, 29 маусымнан бүгінге дейін А.Көлгінов қаланың 500-ден астам тұрғынын қабылдады.

Онда 1347 өтінім бойынша мәселе көтеріліп, 89%-ы кешіктірілмей шешімін тапты. Сондай-ақ, орынбасарларымен 1,4 мыңнан аса, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 2,5 мыңнан аса елорда тұрғынын қабылдады, – деді Е.Бейсенбаев.


Тұрғындардан түсетін шағымдарда көбі тұрғын үй, білім, несиелік қарызды өтеу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, материалдық көмек, абаттандыру, ТКШ, жолдарға қатысты болып келетіні мәлім болды.

Бүгінде «Жанұя» отбасын қолдау орталығы 70-тен аса мемлекеттік қызметті біріктіріп, бір терезе қағидасы бойынша азаматтарға көмек көрсетуде. шылған күннен бастап оған 4,5 мыңнан аса адам жүгініп, 8,5 мың мәселе көтерген. Оның 6,5 мыңы бойынша жүйелі кеңестер беріліп, 2 мыңға жуығы шешімін тапқанын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа бас қалада аудан әкімдіктерімен «Open Akimat» принципі енгізіліп, оның шеңберінде ашық есік күндері өткізілуде. Оған елорданың мыңнан аса тұрғыны қатысты.

Рекомендовать
Последние новости