«Nur Otan» үміткері ауылдың жағдайын жақсартуға күш салатынын айтты

Dalanews 05 янв. 2021 16:33 787

«Nur Otan» партиясы атынан Аққулы аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Әсел Манабаеа «Ямышево» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарлмасын талқылады.

Кездесу  барысында  үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағадарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс деңгейін көтеру үшін аудан, облыс, республика бойынша нақты атқарылатын іс-шаралар жайлы түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды.

– Менің бар өмірім ауыл мен ауданмен астасып жатыр. Сол себепті алдағы уақытта депутат болып жастам, Аққулы ауданындағы ауылдардың жағдайын жақсарту бар күшімді жұмсаймын. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы бесленді мүшесі ретінде саяси ұйымның бағдарламаларын сапасын арттырып, өз ұсыныстарымды енгізіп отыратын боламын, – деді Әсел Манабаеа.


«Ямышево» бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Ульяна Прищеп «Болашақ» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?» деп көкейдегі сұрағын қойды. Өз кезегінде бұл сұраққа үміткер-кандидат Әсел Манабаеа:

– Қазіргі таңда «Болашақ» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты құжаттар толықтай дайындалды. 2021 жылы балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деп Әсел Манабаеа жауап берді.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости