Нүкенованы қылғындырған ба? Сот-медицина сарапшысы жауап берді

Сағыныш Сардарова 09 апр. 2024 12:14 3911

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында сот-медицина эксперті Тахир Халимназаров жауап беріп жатыр.

Сарапшы процесс барысында манекен арқылы марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қандай жарақаттар себеп болғанын көрсетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тахир Халимназаров сот отырысы барысында судьяның сұрақтарына да жауап берді.

"Қарапайым сөзбен айтсақ, басына соққы жасағанымен қоса, жәбірленушіні қылғындырған ба?" - деді судья.

Ал сарапшы белгілері барын айтты.

Артынша судья "марқұмның басына кем дегенде 12-13 рет соққы жасалып, одан кейін қылғындырған ба, дұрыс па?" деп нақтылады.

"Мүмкін. Иә (мойнынан қылғындырған ба деген сұраққа жауап - еск.)", - деді эксперт.

Бұған дейін сарапшы бұл жарақаттар Нүкенованың мәйітін сараптау нәтижесінде анықталғанын айтқан еді.

Оның сөзінше, мұның бәрі жалпылама бас жарақаты болып саналады. Оған бетіндегі жарақаттар да, бас сүйегіндегі жарақаттар да жатады.

Тахир Халимназаров өлімнің себебін айтқан кезде осы жарақаттардың бәрін бірге қарастыру керек екенін жеткізді. 


Рекомендовать
Последние новости