Netflix кеңселеріне тексеріс жүргізілді

Қаракөз Амантай 05 нояб. 2024 18:55 2175

Тергеушілер Netflix стримингтік компаниясының кеңселеріне салық қылмыстары мен ақша жымқыруға қатысты алдын ала тергеу аясында тінту жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Француз сот жүйесі дереккөзінің мәліметінше, сейсенбі күні таңертең қаржы қылмыстарын зерттейтін құқық қорғау органдары Париждің орталығында орналасқан корпорацияның кеңсесінде тінту жүргізді. Дәл осы сәтте Нидерланды билігі де Амстердамдағы Netflix-тің еуропалық штаб-пәтерін тексергені белгілі болды.


Рекомендовать
Последние новости