Назарбаевтың ұлы жеке ұшағы және яхтасымен көзге түсті

Көркем Алдабергенова 15 авг. 2024 09:06 8769

Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауманның Монте-Карлода қыдырып жүрген видеосы тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Видео maitanov_online Telegram арнасында пайда болды. Бейнероликте Назарбаевтың Дубайда оқып жатқан ұлы қымбат көлікпен асқан жылдамдықпен жүйіткіп қана қоймай, яхтасы мен жеке ұшағын да мақтана көрсеткен.

"Қазақтар шаң жұтып, кредитке белшеден батып жүргенде, Назарбаевтың ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы әкесінің халықтан жымқырған ақшасын Монте-Карлода шашып жүр", – делінген жазбада.

Бұған дейін 26 наурызда экс-президент Назарбаевтың қайда жүргені айтылған еді. Телеграм арналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың бір топ студентпен түскен суреті тарай бастады.

“Чемодан госсекретов” телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, экс-президент Абу-Дабиде жүр.

Дереккөздердің мәліметінше, Назарбаев 19 наурыздан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр.

Ол шетелде оқып жүрген ұлымен кездесуге барған.

Айта кетейік,былтыр қарашаның басында DALA INSIDE телеграм арнасы Нұрсұлтан Әбішұлының көз майын тауысып кітап жазып жатқанын хабарлаған. Арнаға жеткен мәлімет бойынша Назарбаев өзі өмірден өткесін соңынан сөз ергенін қаламаған. Сондықтан осы отыз жылда бастан кешкенін бір кітапқа сыйдыруды жөн санаған.

Кітапта саяси айтыс-тартыстан бөлек, жеке өміріне қатысты қым-қуыт оқиғаларды жіпке тізеді. Тоқалы бар (екінші отбасы) екенін тұңғыш рет мойындайды. Әсел Исабаеваға ес-түссіз ғашық болғанын айта келе, екеуінің арасындағы махаббат хикаясын майын тамызып баяндайды.

Одан туған екі ұл - Тауман мен Бәйкеннің ұрпақ сабастығын жалғап, әулеттің үзілгелі тұрған үмітін қайта тірілткенін әңгімелейді.

Назарбаевтың қос мұрагері - ат жалын тартып мінер жасқа жетті. Тауман 2005 жылы өмірге келсе, Бәйкен 2008 жылы дүние есігін ашқан.

 


Рекомендовать
Последние новости