Назарбаевтың атындағы саябақты жаңартуға 13 млрд теңге бөлінбек

Көркем Алдабергенова 30 дек. 2024 12:37 1674

Қызылорда қаласындағы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын саябақты қайта жаңғыртуға 13 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазТагқа сілтеп. 

"Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі КММ;

атауы – тұрғын емес ғимараттарды/құрылыс нысандарын/ғимараттарды қайта жаңғырту жұмыстары;

қосымша сипаттама – "Қызылорда қаласының Тұңғыш Президенті саябағын қайта жаңғырту";

жоспарланған сома – 13 120 508 659 теңге", – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 2025 жылдың 8-24 қаңтары аралығында өтеді.


Рекомендовать
Последние новости