Назарбаев Зияткерлік мектебі: Қазақстан педагогтардың біліктілігін артыру – біздің мақсатымыз

Dalanews 08 апр. 2020 06:36 969

Қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыруымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы көп жылдан бері айналысып келеді. Осы орайда, біз Орталық директоры Жанбота Кәбдікәрімовадан мекеме қызметі туралы қысқаша айтып кетуін сұрадық.

Ғаламтор қолжетімді ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз білім беру мен оқытуды елестету мүмкін емес. Біз 2012 жылы курстарымызда педагогтер арасында цифрлық сауаттылықты дамытуды алға мақсат етіп қойдық: дербес компьютерді сенімді пайдалануды және электронды бағалау порталымен жұмыс істеуді үйренуге, цифрлық ресурстарды қолдана отырып әртүрлі сабақ материалдарын жасауға, форумдарда, чаттарда және блогтарда тәжірибе алмасу арқылы онлайн-коммуникацияларын дамытуға көмектестік. Жүйелі негізде мұғалімдерге арналған қызықты онлайн курстар әзірлеп енгіземіз, кәсіби шеберлік байқауларын және апта сайын мектеп мұғалімдерін дәріс беруші ретінде тарта отырып, оқыту вебинарларын ұйымдастырамыз. Бүгінгі таңда мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өзінің білімі мен біліктілігін арттыруға сенімді әрі белсенді түрде кіріктіре бастады. Педагогтер бұл цифрлық технологиялар педагогикалық іс-әрекеттің сипатын біртіндеп өзгертетінін түсінеді.

Қазіргі таңда орталық педагогтердің біліктілігін арттырудың барлық бағдарламасын қайта қарастыруда, олардың бір бөлігі толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Барған сайын танымал болып келе жатқан қашықтан оқыту педагог пен білім алушы арасындағы өзара аудиториялық әрекеттесуді қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді, бұл эпизодтық емес, жүйелі сипатқа ие. Ал жұмыстың өнімді болу жауапкершілігі білім алушыларға жүктеледі.

Қашықтан оқыту форматында тиімді оқыту үшін міндетті 3 компонент қарастырылуы тиіс: бейнесабақтар (теледидар, ғаламтор және түрлі платформаларда), оқушының өз бетінше жұмыс жасауы, орындалған тапсырма бойынша мұғаліммен кері байланыс жасауы. Сондай-ақ, қашықтан оқытудың маңызды бөлігі, оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мүмкіндігі болып табылады. Әрине, үйден оқыту белгілі бір өзіндік тәртіп пен өзін-өзі реттеуді талап етеді.

Қашықтан оқытуды енгізубарлық орта білім беру жүйесі үшін үлкен жаңалық. Қазіргі кезде 7 мыңнан астам мектеп оған ауысуға тиіс болып тұрған жағдайда педагогтер мен ата-аналардың алаңдауын түсінуге болады. Ата-аналар үйде оқытуды ұйымдастыру және барлық пән бойынша бағдарламаны толық меңгеруді бақылау құзыреттіліктерін жеткіліксіз деп санайды. Мұғалімдер жауапкершілік жүгін: онлайн сабақ жоспарын әзірлеу, ал ол әдеттегі жоспардан ерекшеленеді, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне түсінікті ресурстарды таңдау, ол жұмысты бағалауды, жеке немесе топтық онлайн кеңес өткізуді игере алмаймын-ау деп уайымдайды. Әрине, бұл қиын болады, бірақ бұл біздің елдің ғана алдында тұрған мәселе емес.

Педагогикалық шеберлік орталығы ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге түсіндірме бейнероликтерін дайындады, тіпті екі апта бұрын «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты екі тілде вебинар өткізді. Мұндағы жағдайдың басты артықшылығы – аз уақыт ішінде игеріп, барлық қашықтан оқыту технологияларын енгізуді инновацияны қолдау деп қабылдайды.

Бір сыныпта білім алатын балалардың оқу қарқыны мен қажеттіліктері әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалімге 40 минуттық сабақ ішінде әр балаға бағытталған тәсілді қолдану қиынға соғады, дегенмен оны сабақтан тыс онлайн оқыту арқылы жасауға әбден болады. Бұл қабілеті жоғары оқушыға да, «дамымай қалуына» жол бермеу үшін де, оқу материалын игеруде қиындықтары бар оқушылар үшін де қажет.

2020-2021 оқу жылында қазақстандық мектептердің барлығы аралас оқыту форматын белсенді енгізетін болады және географиялық шекаралар жойылып, әрбір оқушы, оның ішінде ауыл мектебінің оқушысы, ең үздік педагогтер мен үздік мектептерді онлайн форматта таңдауына және оқуға мүмкіндігі болады деп ойлаймын.

Орталық біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеумен, оларды жүзеге асыру үшін тренер құрамын дайындаумен, мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесінің басшылары мен педагогтерін, ЖОО және колледждердің оқытушыларын, білім беру мекемелері мен бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерін оқытумен және әдістемелік қолдаумен айналысады. Сонымен қатар, педагогтерге арналған әдістемелік құралдар мен халықаралық статусы бар журнал дайындап басады, үлкен зерттеу жұмысын жүргізеді. Айтпақшы, соңғы екі жылда біздің Орталықтың 8 бағдарламасы ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету Институтында (Германия) сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттауынан өтті. Біз білім беру өнімдерімізді елімізден тыс та іске асыруды қолға алдық. Атап айтсақ, біз екі жыл қатарынан Ресей және Түркіменстан мектептері мен колледждерінің мұғалімдерін оқытып келеміз.

Медина БАҚЫТ

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости