Назарбаев референдумда дауыс берді

Сағыныш Сардарова 06 окт. 2024 11:12 3092

Экс президент Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол журналистердің сұрақтарына жауап бермеді, қазақстандықтарға бақыт тіледі.

"Табысты болыңдар, бақытты болыңдар", - деді ол видеода.

Нұрсұлтан Назарбаев 2021 жылы Оливер Стоунға берген сұхбатында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, ядролық энергияның Қазақстан үшін маңыздылығын атап өткен еді. Ол Қазақстанның атом өнеркәсібі саласында тәжірибесі бар екенін және елдің уран өндіруші ірі мемлекеттердің бірі екенін айтып, атом электр станциясы салу арқылы еліміз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе алатынын айтқан. Назарбаевтың сөзінше, ядролық энергетика экологиялық таза әрі тиімді энергия көзі саналады, бірақ бұл мәселені халықпен кеңесу арқылы шешу керек деп есептеген.

Бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.

 

Рекомендовать
Последние новости