Назарбаев: "Қуандыққа жаным ашиды..."

Dalanews 09 февр. 2018 09:05 899

 Назарбаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

"Жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыра береміз. Соңғы екі жылда жалпы саны 2200 шенді-шенеунік жауапқа тартылған екен. Араларында министрлер, әкім-қаралар да баршылық...", — деді Назарбаев. 

Сонымен қатар ол әзіргі күні сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "Қазавтожол" бас директорына қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанын тілге тиек етті.  
"Қуандыққа жаным ашиды. "Болашақпен" оқыттық,  үлкен үміт күттік. Арты осылай болды. Бұларды үлкен қызметке даярлауға қаншама уақыт, қыруар қаржы жұмсадық. Әрине, өкінесің", — деді Назарбаев.


Айта кетелік, Бишімбаевтің соты былтырғы жылдың қарашасында басталған.  Экс-министр "Бәйтерек Development" ісі бойынша тергеліп жатыр. Бишімбаев мемлекет қаржысын қымқырды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр.

 

Бишімбаев болса өзіне тағылған кінәні мойындаған жоқ.


Сот кезінде Назарбаевтың үдесінен шыға алмағаны үшін кешірім сұрады.

Одан бөлек сот алдында тағы 22 адам жауап беруде.


Рекомендовать
Последние новости