НАЗАРБАЕВ ПУТИНГЕ «ЖАҢАРЕСЕЙДІ» ҚҰРУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРІП ОТЫР

Dalanews 20 окт. 2015 02:16 982

Бұл жолғы мақаланың жөні бөлек. Иә, сәл ескіріп қалуы мүмкін. Бірақ, өзектілігін жоғалтпайды. Украиналық Depo.ua сайты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Путинге қаншалықты ықпал ететінін, оның Сириядағы жағдайға қаншалықты араласқысы келетінін жалпы айтқанда Назарбаевтың бітімгерлік амбициясын барынша салмақты, салқынқанды бағалап көрсеткен екен.

 Автор: Тарас ПАНЬО

Айтпақшы, ұмытып барамыз: бұл оқуға тұрарлық мақала.

Сирия оппозициялық күштерінің Астанада өткен келіссөздері Назарбаевтың бітімгерлік ұмтылысын барынша ашып көрсетті.

Сирия оппозициялық күштерінің бір жылда осымен екінші рет өтіп отырған конференциясы Астанада аяқталып, жиынға қатысушылар: «Елдегі ауыр ахуалды бейбіт түрде шешу қажет» деген декларация қабылдады. Әрине, олардың мұнысы ешкімге жаңалық емес. Бірақ, бір жетістік болса, ол ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан жиынға шақырылған 37 адамның 29-ы аталған құжатқа қол қойды.

Декларацияда не делінген? Әрине, ресейлік дипломаттардың сириялықтарға қарата «қару-жарақтарыңды тастап, үйлеріңе оралыңдар» деген ұсынысы бұл жолы айтылған жоқ. Айтылса да, оның орындалмасы анық еді. Бұл – утопия.

E69A978F-DE26-4877-8ED9-BC60E03C8249-1024x667Ал Асад және оның қарамағындағылар, бұған қоса «Ислам мемлекетінің» жауынгерлері қақтығысты бейбіт түрде шешуге талқылауға шақырған конференцияға қатыспайды. Неге? Білмейміз. Бәлкім, Асадқа және «Ислам мемлекетіне» мұндай әдіс-тәсілдер әлі қызық емес шығар. Бірақ, дәл осы жайт көп нәрсені шешеді. Былайша айтқанда, олардың аталған конференцияға қатыспауына қарап, мәселенің бейбіт түрде шешілмесін болжауға болады.

Шараның ұйымдастырушылары мен конференция модераторлары жиынның Сирия президенті Башар Асадтың билігіне қарсы бағытталмағанын қайта-қайта қайталаумен болды.  Қызығы, қатысушылар да солай десе жарасар еді. Бірақ, олар үнсіз қалуды жөн деп тапты...

– Астанадағы басқосудың қандай да бір антиүкіметтік нышаны жоқ. Жиынды өткізудегі мақсат – Сирия дағдарысынан шығудың жолын іздеу, Сирия халқын қиындықтан құтқару және бұл күресте халықтың негізгі жауын анықтау, – деді сөз орайында Францияның саяси және сыртқы байланыстар орталығының директоры Фабьен Буссар.

Қызық, иә? Азаматтық соғыстың жүріп жатқанына 4 жыл болды, миллионға жуық адам қаза тапты, ал сириялық оппозиционерлер негізгі жауды әлі анықтау үстінде. Шыны керек, бұл тарапта үміткерлер көп.

Конференция қандай нәтиже берді? Айтайық. Арнайы комитет құрылды, біріншіден.  Комитеттің өкілдері жақын арада Сирияның солтүстігіне аттанады. Бұл аймақты күрдтер «Ислам мемлекетінің» жауынгерлерінен тазартып, тіпті бірқатар әкімшілік мекемелердің жұмысын жолға қойған болатын.

Анығында, дәл қазір сириялық оппозиционерлерге күш біріктіретін кез келді. Бұл олардың позициясынан бөлек, Сирияны сақтап қалудың жалғыз жолы. Олай болмаған жағдайда бүкіл ел Асад-Путин және радикалды исламистердің арасындағы соғыс алаңына айналады. Оппозиция аз емес. Барлығы 30-дан асатын ұйым мен фракция бар. Егер бұлар бірікпесе ертеңгі күні Асадтың баскесерлері мен исламистердің қарулы күштері бұларды жеп тынады.

Жарайды, конференцияның нәтижесі өз алдына, оның Астанада өтуінің өзі қызықты. Жақсы білесіздер, Ресей ислам мемлекетінің жауынгерлері мен сирия оппозициясын «бөліп-жармайды», екі жақты да тек террористер деп санайды.

Міне, осындай жағдайда сириялық оппозиционерлердің басын қосып, Астанада үлкен жиын өткізу – Назарбаевтың тарапынан жасалған батыл қадам.  Мұның батыл қадам екенін, бір жағынан Путиннің Сирияның мәселесін бір өзі шешуге белсене кіріскені дәлелдей түседі (әрине, қарудың күшімен).

Міне, осындай жағдайда Астанада Сирия дағдарысына қатысты конференция өткізу, ресейлік билікке деген Назарбаевтың сенімсіздігі және күдігін көрсетіп отырса керек.

Неге? Біріншіден, қазақтар Сириядағы жағдайды кім-кім, бірақ дәл Путиннің ретке келтіреріне, былайша айтқанда бейбітшілік орнатарына сенбейді. Осы себепті бейтарап алаң ретінде өз қызметін ұсынып отыр. Тараптарды тіл табыстыру үшін...

Екіншіден, Назарбаев Астана конференциясын өткізу арқылы Путинге мынаны айтқысы келгендей: «Владимир, тек Башар Асадтың ғана мүддесін ойлау дұрыс емес, қарсы тараппен де сөйлесу керек, олардың пікірін тыңдау қажет. «Ислам мемлекетіне» бағытталған-мыс ресейлік бомбыларды оппозицияның төбесінен тастай салу – тығырықтан шығар жол емес».

Назарбаев тағы мынаны айтқысы келді: «Владимир, Сирияның мәселесін қарудың күшімен шешу, яғни әскери операциямен араласу аса тиімді жолға жатпайды. Алдымен сөзге келетін, сөз тыңдайтын тараптардың басын қосу керек».

Ал бұған Ислам мемлекетінің өкілдері кірмейтіні айдан анық.

Бұл арада Астана украин-ресей қақтығысындағы Минскінің, Беларусьтің бітімгерлік тәжірибесін қолданып көрмек сияқты. Бұл ресми Астанаға  халықаралық сахнада бірнеше ұпай жинаудың таптырмас жолы.

Негізінен мұсылман мемлекетін басқаратын Президент Назарбаев түрлі мұсылман күштерінің арасында туындаған саяси дау-дамайларға бітімгер әрі әділ қазы ретінде араласқысы келеді. Ықпалды мұсылман мемлекеттерінің көпшілігі Сирия дағдарысына етене кірігіп, белгілі бір тарапты қолдап отырғанда осы саяси дау-дамайға Қазақстанның да араласып, өз сөзін айтатын мүмкіндігі бар.

Әрине, Сирия дағдарысының түйінін тарқатуды бүгінгіден де жоғары деңгейде шешуге Қазақстанның әлеуеті жетпесі анық. Себебі, мұндай жағдайда келіссөздерге сырт көз және әжептәуір қуатты төреші керек болады. Айталық, соның бірі – АҚШ. Оның ішінде Американың сыртқы саясат ведомствосы.

Естеріңізде болса, Украина-Ресей келіссөздеріне еуропалық модераторлық қатысқан болатын.

Оның үстіне, дәл қазір сириялық оппозиционерлерге әсер ете алатын бір күш болса ол – «вашингтондық обком». Себебі, дәл қазір олар көмекке мұқтаж. Путиннің бомбылауына қарсы тұра алатын әуе қорғанысы керек. АҚШ-тың айтқанына көнсе, Америка оларға бұл қорғанысты беруге әзір.




 

 

Рекомендовать
Последние новости