«Назарбаев пен Путин бұрынғы достар ғой». Министр Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы айтты

Dalanews 14 июн. 2022 13:05 853

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы түсініктеме берді. Министр Назарбаевтың Ресейге сапары тікелей тұңғыш президенттің кеңсесімен және РФ президенті әкімшілігімен келісілгенін айтты, – деп хабарлайды Sputnik.kz.

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Мәскеуге сапарға ешқандай дайындық жасамағанын атап өтті.

Алдағы сапар жайлы Сыртқы істер министрлігіне ескертудің қажеті жоқ. Министрлік Назарбаев пен Путиннің кездесуінде қандай мәселелердің талқыланғанынан бейхабар. Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ қой. Оның үстіне, екеуі бұрыннан келе жатқан достар, - деді Мұхтар Тілеуберді.


3 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездесіп, Ресей күнімен құттықтады.

Рекомендовать
Последние новости