Назарбаев жастармен неге орыс тілінде сөйлеседі?

Dalanews 02 дек. 2016 10:14 879

Республикалық жастар форумын тікелей эфирде көріп шықтым. Елбасы жастарды жинап еркін əңгіме өткізді. Жақсы ғой, дұрыс, ақсақал жастарға ақылын айту керек. Бірақ...

Неге Елбасы өз жастарымен өзге тілде сөйлейді? Неге бұл жиын орыс тілінде өтті? Неге Елбасы өз жастарымен ана тілінде - қазақша - сөйлемейді? Жастарға ол қандай сабақ, қандай үлгі көрсетеді?

"Қазақ тілінде сөйлеме, орыс тілінде сөйле" ме? Залда отырған жастардың 99 пайызы қазақ ұлты. Түсінбей отырғандарға тілмаштар "наушникпен" аударуы керек, ол еш қиындық емес. Жəне оларға мемлекеттік тілін түсібегені үшін ұят болу тиіс.

Менің ойымша, Елбасы өз жастарымен өзге емес, ана тілінде сөйлеу керек, - мемлекеттік қазақ тілінде. Қасындағылар Елбасыға мұны неге айтпайды осы?

Мұхтар Тайжан,


Автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды 


taijan


Рекомендовать
Последние новости