Назарбаев: "Ертең біздің орнымызға басқа партия келеді"

Dalanews 21 авг. 2019 07:09 877

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарына жауапкершілікті еске салды.

"Партиямыздың дамуының жаңа кезеңге келіп отырғанын бәріміз түсініп, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. Nur Otan еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымау үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс.

Бұл құр әншейін айтылған сөз емес. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін ұйымбыз.

Егер де ондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді.


Сондықтан жауапкершілікті әр уақытта түсінуіміз керек", –  деді Назарбаев саяси кеңестің кеңейтілген отырысында.

Елбасы 2050 жылға қабылданған бағдарламада Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына кіргізу міндетін қойғанын атап өтті.

"Барлық бағдарлама осыған байланысты. Индустриялық бағдарлама, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, ағарту жұмыстары – барлығы бір мүддеге жету үшін жасалып жатыр. Сондықтан бәріміздің ойымыз осы мақсатқа жету болу керек", - деді ол.


Бұған қоса, Назарбаев 2015 жылдан бастап елімізде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды.

Ол: тиімді мемлекеттік аппарат, заң үстемдігі, экономикалық өсім, болашағы бір ұлт, транспарентті және есеп беретін мемлекет.

source: sputniknews.kz




Рекомендовать
Последние новости