"Наркоман емес, псих емес". Атыраулықтар қызметінен кеткен Жусанбаевты қолдап жатыр

Көркем Алдабергенова 22 февр. 2024 09:46 4176

Атыраулықтар жергілікті мұнай өңдеу зауытының басшылығынан кеткен Ғалымжан Жусанбаевты қолдап, араша түсіп, қол жинап жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Атыраулық Асоха Тамбиев есімді тұрғын Жусанбаевты қолдап, жазба жариялаған.

«Ватсап жүйесімен көп ақпарат келіп жатыр, көздеріңізді ашып, шәйлатып, оқып отырыңыздар, қызық болады. Петицияға қол қойып қойғандарды алдап кеткен деген ақпарат келіп жатыр, қол жинау барысында оларға, сіздерден зияндылық үшін (за вредность) ақыны қысқартады деген мақсатпен қолдарын жинап қойдыртқан. Байқаған боларсыздар сол парақшада әр беттен, әр түрлі нөмірмен, жалғасы жоқ, жұмысшылардың тегі мен қолы қойылған және әр бетте неге қол қойылып жатырған туралы ақпарат ЖОҚ! Ген.Директорды босатайық деген петиция емес! Ол наркоман емес! Алқаш емес! Cіздер шағымданғандай. Ендеше, сол 436 жұмысшылар алданған болса, олар кейін қолдарын қойып шағымдарын алу керек. Прокуратура Жусанбаевтың арызымен іс қозап кеткен осы фактілер бойынша. Май шелпекті үзіп-жегендер, зауыттың тендtрін талан-таражға салғандардың арасында, біздің жергілікті жігіттеріміз неге терлеп жүргендері белгісіз.

(...)

Сіздер, АНПЗда жұмыс жасап отырсаңыздар, жалақыларыңызды алып отырсыздар, ал біздер, Атыраудың тұрғындары, сол зауыт бөліп отырған ауаны тегін жұртып отырмыз, өз ақшамызға емделіп, біздің қақымыз жоғары сіздерге қарағанда. Сондықтан, 25 жыл АНПЗ-ны тонағандарға ермей, арыздарыңды қайтарыңдар.  Жусанбаевтың справкаларын ватсаппен жіберіп жатыр: Наркоман емес, Псих емес, Алқаш емес», - делінген жазбада.

Айта кетейік, Ғалымжан Жусанбаев бір айдан астам уақыт бойы Атырау мұнай өңдеу зауытында басшы болған. Ол бұл қызметкер келіп, жұмысты аудиттен бастаған. Оның ішінде 15 ақпанда циркуляциялық компрессордың тоқтағанын анықтаған, өйткені ол  жылдар бойы жоспарлы жөндеусіз жұмыс істеді. Бұл жөндеуге келісім-шарт аффилиирленген компаниялар тобының жеткізушісімен жасалған.

Зауыттың экс басшысы 18 ақпаннан бері үйінде ем алып жүрген. Қызметінен кеткені туралы әлеуметтік желіден білген. Жусанбаев жұмыстан кетуін заңсыз деп санайды.


Рекомендовать
Последние новости