Нарынқол ауданы құрылады

Dalanews 01 нояб. 2017 15:57 946

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

– Жаңа аудан құрылатынын қуанып айтамыз. Іс жүзінде қабылданды. Үкіметтің қаулысы мен Елбасының шешімі шыққаннан кейін xалыққа жеткіземіз. Нарынқол әкімшілік ауданына барғанда жастардың бәрі ауылдан кетіп жатқанын, Алматының жан-жағында жұмыссыз, не базарда жүргенін көрдік. Қазір ол жерде бұрынғы Нарынқол ауданын құру туралы ұсыныс жасадық. Шекарасын бөліп, бәрін көрсетеміз. Процедуралық жұмыстар қалды. Содан кейін шешім қабылдаймыз. Облыс күтіп отыр. Комиссия құрып, Нарынқолға барып, мекемелердің ғимараттарын көріп, жылдың аяғы келесі жылдың бюджетіне соның бәрін кіргізіп, штатына дейін, балабақшаларына дейін соның бәрін жоспарлауымыз керек, – деп мәлімдеді Амандық Баталов.

Еске сала кетсек, 10 тамызда Алматы облысының мәслиxатының отырысында ҚР Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілген болатын. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді.

Айта кетсек, бүгінде Алматы облысында 16 аудан орталығы болса, жаңа ауданмен 17-ге жететін болады.

 

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31742

Рекомендовать
Последние новости