Нағыз еркек қандай болады?

Dalanews 27 апр. 2015 04:37 2594

Психолог Олег Силявский ерлер мен әйелдердің дұрыс рөлі туралы айтады. Қалыңдық үшін қалыңмал төлеу неге дұрыс?

Қазіргі кезде көптеген жұптар қарым-қатынастан ешбір жақсылық күтпейді. Ләззат ала алмай өтеді. Өмір сүрудің орнына олар кім ақша табуы керек, кім есепшотты төлеуі керек деген сұрақтарға бас қатырады. «Неге еркектер ғана табыс табуы керек?» дейді табыскер еркектер. «Нағыз еркектер жойылып кеткен» дейді нәзікжандылар. Неге бәрі керісінше болып бара жатқаны туралы өз ойын «Практикум» атты консалтингтік компанияның директоры, психолог Олег Силявский білдіреді.

Нағыз еркек пен нағыз әйелдің рөлі қандай еді?

– Өзімнің тренингтеріме келген әйел мен еркектерге қарапайым биологиялық нұсқамен жіті танысуды ұсынамын. Мәселен, тау баурайында кішкене үй тұр. Онда ері мен әйелі, бес баласы тұрады. Баяғы замандағыдай. Осы жерден әркімнің өзінің рөлі белгіленіп шығады. Кім не істеуі керек, кімге қандай қарым-қатынас орнату тиіс деген сияқты. Қазір, әрине, материалды және әлеуметтік деңгей көп өзгеріске ұшырады. Қазір адамдар ыңғайлы пәтерлерде тұрады. Ағаш шауып, отын тасудың қажеті жоқ. Бірақ адамның архетиптік табиғаты сол қалпында қалды. Егер адамдар сол жолдан тайса, ауытқыса, түйткіл пайда болады. Психологиялық, әлеуметтік.

Қазіргі заманауи адамдар қоғамында ер мен әйел рөлін бүлдіру белең алды. Адамдар тамырынан үзіліп барады. Ойларына келгенін істейді. Еркектер өзінің міндеті мен жауапкершілігін ұмытты. Әйелдер өз табиғатын жоғалтты. Өмір шалдыр-шатпаққа толды.

11180057_820528348001046_1844652734_nЕркек әйелді қамтамасыз еткені дұрыс дегіңіз келіп тұр ма?

– Әрине. Еркек міндетті. Басқаша болуы мүмкін емес. Әйтпесе, ол еркектік қасиетінен айырылады. Дегенерацияға ұшырайды. Рухани жол бар. Әр еркек соған түсуге талпынады. Өзі білсе де, білмесе де соған қарай жүреді. Егер еркек өзінің биологиялық қызметін атқармаса, оның психикасы ауытқушылыққа ұшырайды. Әйелдер де сөйтеді.

Еркек әйелге не берешек?

– Егер ол шынымен еркек болса, ол ең алдымен өзіне, өзінің еркектік табиғатына, рухани есеюіне тәуелді. Еркектің міндеті жауынгер болу, қорғау, қолдаушы болу. Ол осы қызметін білмесе, онда ол еркек емес. Әрине, әр адам ойына келгенін істеуге құқылы. Ешкім ешкімге ештеңе берешек емес. Бірақ өзінің табиғатына қарсы шыққан соң соның нәтижесін қабылдауға дайын болсын. Ал нәтиже қайғылы болатыны анық. Еркек үшін де, әйел үшін де. Табиғат сыйлаған жолмен жүрмесе, жаны да қиналады. Өмірінің де күлі көкке ұшады.

Қандай нәтиже?

– Еркектің кәсібі тоқырайды. Өмірдің мәні жоғалады. Күйзеліске ұшырайды. Ішіп кетеді. Белсіздікке душар болады. Табиғат әзірлеген нұсқалар жетіп артылады. Әйелдерде табиғатына қарсы жүру сұлулығынан айырылуға әкеледі, тез семіріп кетеді, обыр ауруына шалдығады.

Жас күнінде бәрі ойын сияқты көрінеді. Нәтижемен бетпе бет келгенге дейін. Индуизм мен буддизмде карма деген нәрсе бар. Меніңше, бұл керемет заңдылық. Әмбебап әділеттілік заңдылығы. Бұл заңдылық шынымен жүзеге асады. Реинкарнацияға жетпей-ақ көз жеткізуге болады. Бұл заңдылықтың түп негізі өте қарапайым: кеше жасаған таңдауымыз бүгінгі өмірімізді анықтайды, бүгін жасаған таңдау ертеңімізді бағдарлап отырады. Сондықтан бүгін табиғатына қарсы таңдау жасаған адамдар аз уақыт қана ләззат алады. Соңынан таңдауының қателігінен көп қиындық көреді. Еркектер әйелге көңіл бөлуден, оны барынша қамтамасыз етуден құтылдым деп ойлауы мүмкін. Әйел еріне қызмет етуі, отбасының отын өшірмеуі, баласын өсіруді дұрыс деп білгені жөн. Дұрыс деп білмеген жағдайда бұл таңдаудың нәтижесі бір жылдан соң, бірнеше жылдан соң, әйтеуір қуып жетеді. Ал, сегіз жылдан соң бұл жағдай адам төзгісіз ахуалға айналады. Мен жиырма жыл өтілі бар психологпын. Мұндай жағдайды күнбе күн көз алдымнан өткіземін. Шын мәнісінде бұл заңдылық сағаттың тіліндей тықылдап тұрады. Кей адам соны байқамайды. Бұл өмірде не істегің келсе, соны істе дегісі келетіндер болады. Ал, бұл әлем соншалықты қарапайым емес. Бұл әлемнің өз ережесі бар.

Нағыз еркектің жолы қандай сонда?

– Ең алдымен оның өз ісі болуы керек. Ер адам үшін өте маңызды. Айналысатын ісі болмаса, онда ол еркек емес. Мамандық деп айту дұрыс болмас. Кәсіпкер, суретші – мамандық па? Биологиялық нұсқаға қайтып оралсақ, еркек күнделікті аңшылыққа шығуы, тамақ табуы. Сонда ол тірі қалады. Үрім-бұтағын асырап, жеткізеді. Сондықтан еркектің рухани жетілуі оның ісімен тікелей байланысты.

Екінші маңызды мәселе - әйелі. Өз ісінен тапқан табыстан ол дер кезінде құтылып отыруы тиіс. Егер жанында өзі сүйетін әйелі болмаса, ер адам күйзеліске ұшырайды. Өмірі тұрақсызданады. Тапқан табысын қайтара іске салады. Әйелмен қарым-қатынасы орнықпаған еркектер солай етеді. Көп бизнесмендер солай жасайды. Бір істі айналдырды. Табыс тапты. Қайда жібереді? Егер бір істі айналдыра алса, екіншісін де жасай алады. Одан да табыс түсіреді. Осылай өмірін ақшаға байлап қоятындар бар. Бақытын таппай жүреді сосын. Жетпіске келгенде өмір өтіп кетіпті ғой дейді. Сондықтан еркектің табысын жұмсап, ақшасын желге шашып отыратын сүйіктісі болуы заңды. Сонда ғана ол өмірден ләззат алып өтеді.

Желге шашып?

– Тура солай. Әйелдің бәрі солай істейтіні ақиқат қой. Бірақ алдымен, ері табыс тауып үйренуі керек. Дәстүрлі мәдениеттердің барлығында бұл нақты көрсетілген. Дәстүрді ұмытып барамыз. Оның мәніне терең үңілмейміз. Дегенмен, мұндай дәстүр кей мемлекеттерде сақталған. Шығыс елдерінде. Оларда әлі күнге дейін қалыңмал деген дәстүр бар. Бұл өте мағыналы дәстүр. Себебі, қырық қарасын төлей алмасаң, саған әйел затын аманаттап, тапсырудың жөні бар ма? Мұндай еркекке қалай біреу өз қызын бере салады? Болмайды. Өз басын алып жүруді үйренсін.

– Егер әйел қырық қараны қаламаса ше?

– Шығыста әйел қаламады деген сөз жоқ. Ондай түсінік жоқ. Оларда басқа тәрбие. Еркек қырық қара төлесе, онда ол әйел оны да, одан бала сүюді де, оның асханасына ие болуды да ойлайтынына сенімді болады. Мен мұны өз көзіммен көрдім.

– Сонда еркек әйелі табысын шашады дегеннен қандай ләззат алады?

– Ләззат алғанда қандай! Тату отбасы деген әйел ақшаның қайдан келетінін білмейтін, ері қайда жұмсалатынын ескермейтін отбасыны айтамыз. Ақша жүйесі үшін таптырмас жол - ынтымақты отбасы. Әйел ақшаны дұрыс жұмсаудың жолын әрдайым табады.

Еркек үнемі есептейді, үнемдейді, артық қор жинасам, қандай іске салсам деп толғанады. Әр ісінен табыс түскенін ғана ойлайды. Әйелге ақша шашу оңай. Жүзік сатып алады. Гауһар тасы бар сақина алады. Сөйтіп ақша айналымға түседі.
Маңдайға біткен мықты еркектер жойылды. Өлтірмегенін шетелге қуды. Итжеккенге айдады. Кім қалды Ресейде? Есесіне әйелдер ғана қалды. Бір ауылда бір еркек табылса, дәтке қуат болған замандар өтті. Содан бері әйелдер бәрін өзіміз істеуіміз керек деген қыңыр жолға түсіп кетті. Олардың балалары әйелдің ғана тәрбиесінде өсті. Осы сценарий жалғасып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп жатыр. Күйеуі тастап кетсе де мейлі. Баласын өзі жеткізеді.

Еркекке әйел ақша шашқаннан басқа не үшін керек?

– Жалпы еркек үшін әйел инвестицияның қайнар бұлағы. Әрине, адал, сүйген жар болса. Ері әйеліне ақша салады. Әйелі түрлі нәрсемен шұғылданады. Қолынан бәрі келетін болады. Бірінші салымынан бала сүйеді. Екінші рет үй алып береді. Үшінші рет салым салғанда оқуға ақша жасап береді. Еркек үшін осы нәрсе маңызды. Материалды құндылықтың өзіне сезім болып оралуы.

Әлеуметтік деңгейде – мәртебе бұл. Менің әйелім ең сұлу, ең ақылды, ең ғажап деген тоқмейілсу. Бұл тоқмейілсу еркекке мықты қорған береді. Өзіне де, әйеліне деген де сенім орнығады.

Рухани әлемде не өзгереді? Бұл да маңызды. Рухани белесте әйел еркекті мына нәрсеге жетелейді: ақиқатты табуға септеседі. Еркек өмір бойы бір ақиқатты аңсап өтеді. Содан да болар, ғылым саласында ерлер басым тұрады. Нобель сыйлығын алушылардың дені кім? Олар шындықты іздеушілер. Ғылыми қызметкерлер, діни уағызшылар, саясаткерлер де әлем неден тұратынын білгісі келеді. Олар әлемді билегісі келеді. Сол үшін ақиқатты іздеу маңызды.

Өзінің осы әлемде кім екенін білуге ұмтылады. Мұны тек сыңары, жүрегінің егізі ғана айта алады. «Өгіз» дейді. Мысалға. Немесе «менің ханзадам» дер. Еркек өмір бойы іздеген образды оған сүйген әйелі бір ауыз сөзбен айтып жеткізе салады. Соны естіген соң еркектің санасы сауығады. Өйткені, әйел ғана оның болмысын анық көріп, тұнығында не барын бетіне шығарады. Сенімге ие болған еркек: мен батырмын, мен жеңімпазбын, мына әлемде мен ең жақсымын, себебі ол мені сүйеді деген сезімді бастан кешеді.

– Бірақ қазір бәрі өзгерді. Бұрын бөлмеге әйел кірсе, джентльмендер орнынан тұратын. Қазір қоғамдық көлікте орын бермейді.

– Таптық өзгерістер орын алды. Жауынгерлер, бай-манаптар алдыңғы қатарлы адамдар еді. Бір көзқараспен тау қопаратын азаматтар болған. Олар соған сай ұстайтын өзін. Сосын соғыс, соғыс, репрессиялар. Маңдайға біткен мықты еркектер жойылды. Өлтірмегенін шетелге қуды. Итжеккенге айдады. Кім қалды Ресейде? Есесіне әйелдер ғана қалды. Бір ауылда бір еркек табылса, дәтке қуат болған замандар өтті. Содан бері әйелдер бәрін өзіміз істеуіміз керек деген қыңыр жолға түсіп кетті. Олардың балалары әйелдің ғана тәрбиесінде өсті. Осы сценарий жалғасып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп жатыр. Күйеуі тастап кетсе де мейлі. Баласын өзі жеткізеді. Осы үшін оған біреу рахмет айтуға тиісті сияқты. Соғыстан кейінгі кезде бұл қаһармандық еді. Қазір заман өзгерді. Әкесіз өсірген ұлдары үшін оған қызанақ не жұмыртқа лақтыру керек. Өйткені, әкесіз бала нағыз еркектің қандай болатынын білмей өседі. Ал қыздар еркектермен қалай тіл табысу керектігін білмейді. Тұйық шеңбер. Ондай әйелге: «Бұлай дұрыс емес. Өміріңе есі дұрыс еркектің енуіне жол бер. Үш жұмыс істеп шаршаудың қажеті жоқ. Әйел болуды үйрен. Күйеуге шық. Күйеуіңе қызмет қыл. Оның жақсы жақтарын мақтап, жаманын жасыруды үйрен» дегенді санасына құю керек.

– Сонда әйелдер мүлде жұмыс істемеуі керек пе? Тек қазан көтерсе жеткілікті ме?

– Әйелге қызметпен айналысуға болмайды. Ол әйелге тән нәрсе емес. Жұмыс істесе, әйелдігінен айырылады. Әйелдің ағзасы ауыр жұмысқа лайықталмаған. Нағыз әйелдің жаны қалайтын, бар махаббатымен шұғылданатын ісі болуы керек. Өзі жақсы көретін. Сол ісі табыс әкелсе, нұр үстіне нұр. Табыс әкелмесе де бәрібір. Әйел ақша табуды мақсат тұтпауы керек.

Бұл әйел ешқандай салаға араласпасын, атақ-даңққа құмартпасын деген сөз емес. Қолынан келгенін істесін. Бірақ оны жұмыс деп қабылдамасын. Жұмысты тек еркектерге қалдырсын. Әйелдердің санасы мен ағзасы басқаға арналған. Асхана. Қазан көтере білудің өзі өнер. Бірақ мұны да терең түсіну керек. Еркек тек ұр да жық мінезге лайық дегіміз келмейді. Ойы таяз адам ғана солай қабылдайды. Еркек пен әйелдің өзіндік ұлы мақсаты бар. Қазан мен балға тек қару ғана.

Әйелдің қызметі – нәзіктік, ана болу. Алдымен әйел болудың бақытын сезінуі тиіс. Еркекті бағындыра білуі, жүрегін жаулап алуы керек. Содан кейін барып отбасы құрып, шаңырақ көтереді. Әйел бақытын сезінсе, жақсы ана болатыны сөзсіз. Нәзіктік дегеніміз әлемді құтқаратын сұлулық. Яғни, әйелдің екі негізгі қызметі бар: сұлулық пен қамқорлық, нәзіктік пен ана атану. Осындай қасиеттерді меңгерген әйел олардан табыс та таба алатын болады. Осындай қасиетті қалайтын мамандықтарды игеру оларға жеңіл. Мысалы, модель бизнесі. Немесе мейрамхана ашып алу. Клиентке жағдай жасау керек жерде әйелдердің жүргені құба-құп. Бірақ әйелдер зауыт-өндірісті басқара бастаса, онда ол әйелдігінен айырылады.

Аударған Шынар Әбілдә


 

Рекомендовать
Последние новости