4 қазақстандық Мьянмада құлдыққа түскен,- деп хабарлайды Dalanews.kz Dunyo басылымына сілтеп.
Мьянмада адам саудасының құрбаны болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары дипломаттардың көмегімен Отанына қайтарылған.
Осындай жағдайға тап болғандар арасында Қырғызстанның 8 азаматы және Қазақстанның 4 азаматы болған.
"Мьянма мен Таиландтың құзыретті органдарымен келісілген іс-қимылдар мен келіссөздер нәтижесінде Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары босатылып, уақытша баспана және тамақпен қамтамасыз етіліп, Маесот (Таиланд) шекаралық пунктінде Өзбекстан мен Қазақстан дипломаттарына табысталды", - деп жазылған хабарламада.
11 сәуірде Өзбекстан мен Қазақстанның Таиландтағы дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен 2 Өзбекстан азаматы, 4 Қазақстан азаматы және 7 Қырғызстан азаматы Отанына оралды.