Музейшілер Түркістанда бас қосты

Dalanews 17 мая 2017 14:40 943

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «18 мамыр Халықаралық музейлер» күніне орай Республикалық «Музейлердің мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, зерттеу және жетілдіру ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті.

Семинар-кеңес жұмысына «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директоры А.Жандосов, «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Б.Исматов, «Ордабасы» қорығының тарихи жәдігерлер және экскурсия бөлімінің меңгерушісі Д.Әбдіраев, «Ордабасы» қорығының бас қор сақтаушысы Б.Қасимов, Қ.А. Ясауи атындағы Халықарылық қазақ-түрік университеті Археология институтының қызметкері М.Бахтыбаев, қалалық Этнопедагогикалық колледж директорының орынбасары Қ.Баймен, Тарихи-мәдени этнографиялық орталығының директор орынбасары Т.Акимов жəне басқа да музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Алғашқы сөз алған «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір атаулы «18 мамыр Халықаралық музейлер» күнімен құттықтап, келген қонақтарға алғысын жеткізді.

Мәдениет және музей саласының басшылары өз құттықтау сөздерінде музей ісінде атқарып жатқан игі бастамаларға сәттілік пен толағай табыстар тілеп, алдағы уақытта бірлесе қызмет істеуге шақырды.

Семинар-кеңес барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Е.Есжан «Түркістан ауыл округтердегі ескерткіштерді қорғау мәселесі» тақырыбында баяндама жасаса, қорық-музейдің Тарихи ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің меңгерушісі М.Тұяқбаев «Мәдени мұра бағдарламасы аясында қалпына келтірілген ескерткіштер», бас қор сақтаушы Н.Әшірбекова «Музей қорының сақталуы, зерттелуі, жетістіктері», ғылыми қызметкер Б.Байболов «Музейдегі экспозиция және көрме қызметі» тақырыптарда баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, Қ.А. Ясауи атындағы Халықарылық қазақ-түрік университеті Археология институтының қызметкері М.Бахтыбаев «Сығанақты музейлендіру», Тарихи-мәдени этнографиялық орталығының ғылыми қызметкері Б.Данияров «Тарихи-мәдени этнографиялық орталық пен қала мектептерінің байланысы» тақырыптарда баяндамалар оқыды.

Семинарға қатысушылар семинардан үлкен әсермен алып, іздеген сұрақтарына жауабын тауып, жаңалықтармен танысып, сертификаттарын алып, ойларын ортаға салып пікір алмасты. Шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Д.ҚОЖАМҰРАТОВ

Рекомендовать
Последние новости