Мұхамедиұлының кезекті қылмыстық әрекеті әшкере болды

Dalanews 15 нояб. 2023 08:32 1114

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов «Көшпенділер» фильміне арналған бекініс Антикордың назарына іліккенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша, Алматы облысы Іле өзенінің жағасында орналасқан декорациялық бекініс 2005 жылы салынған. Ол отандық тарихи фильмдерді түсіру үшін пайдаланылды.

"Бұл бекініс "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде салынған, ал 2017 жылы өз құнынан 44 есе арзанға сатылған. Оны бұрынғы Мәдениет және спорт министріне қарасты компания сатып жіберген. Қазір жалған бекініс жеке компанияға тиесілі.  Алматы облысы Іле өзенінің жағасында орналасқан бекіністің атауы "Түркістан" деп аталады. Қазіргі таңда бұл афераға Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - дейді Антикор өкілі.

Сондай-ақ ол осы істің бел ортасында болған "Қазақфильмнің" экс-басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлім етті. Антикор "Түркістан" бекінісін мемлекет меншігіне қайтару шараларын қолға алуда.


Айта кетелік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ын Ұлттық киностудияға айналдыру туралы қаулы қабылдаған.

https://dalanews.kz/del-qazir/95264-toqaev-bishimbaev-isi-boyynsha-ishki-is

Рекомендовать
Последние новости