Мұхамедиұлы: "Бетховен мен Моцарт аш-жалаңаш жүрген"

Dalanews 04 дек. 2017 11:12 845

Мәжілісте мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатқа арналған үкімет сағатында депутаттар мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мәселесін көтерді.

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева 2005-2011 жылдар аралығында мәдениет саласы қызметкерлерінің  еңбекақысы бес рет көтерілгенін атап өттіі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Шынында еңбекақы төмен. Жалпы, өнер адамдары ерке емес. Тамағы тоқ емес, аш өзек жүретін шығармашылық адамы ғаламат туындылар дүниеге әкеледі деп есептеледі. Мысалы, Бетховен, Моцарттың аш-жалаңаш жүргенін білеміз, бірақ бұл адамдар әлемдік жауһарлар жазды. Аз қаржыландыруға қарамастан біздің дарындар әлемдік деңгейге шығып жатыр. Дегенмен, кітапхана, музей, мәдениет үйлері секілді салаларға қаржыландыру керек”,  — деді Мұхамедиұлы депутаттың сұрағына жауап бере отырып. 
“Әр жолы 25-30 пайызға көтерілді. Соңғы рет 2016 жылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу кезінде болды. Денсаулық сақтау, білім берумен салыстырғанда мәдениет саласында еңбекақы төмен болғандықтан жалақы 40 пайызға өсірілді”, — деді ол.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова кітапханашылар мен мұрағатшылардың жалақысы ең төмен екенін айтты.

“Бүгінгі күні кітапханашылардың жалақысы 2014 жылғы 52 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтерілді. Мұрағатшылардың жалақысы 44 мыңнан 62 мың теңгеге дейін өсірілді”, — деді ол.


“Таратылған материалдарға сүйенсек, мәдениет саласындағы еңбекақы 38 мың теңгеден басталады. Сондықтан бұл мәселені әрі қарай қарастыру керек деп ойлаймыз”, — деді мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева.

Рекомендовать
Последние новости