Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқырғандар сотталды

Көркем Алдабергенова 16 сент. 2025 18:00

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілген. 

Тексеру нәтижелері бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды.

Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.


Рекомендовать
Последние новости