Мешімбаева абақтыдан мерзімінен бұрын босамайтын болды

Dalanews 30 мая 2017 03:30 828

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы өтініші қанағаттандырылмады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анар Мешімбаева өкілеттігін теріс пайдаланды және ұрлады деген айыппен жеті жылға сотталғаны белгілі.

Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық соты Анар Мешімбаеваны жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы сотталушының өтінішін қарады.  Өз кезегінде сот өкілдері Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының қаулысымен 558 миллион 249 мың 409 теңге көлемінде келтірілген шығынның өтелмегеніне байланысты сотталушының жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырған.  Анар Мешімбаеваға үкім 2014 жылғы 14 ақпанда шығарылды.

Рекомендовать
Последние новости